Untitled Document

Сұхбат - Қабірді зиярат ету

Қабірді зиярат ету сүннет. Өлімді ойлау және өлімнен ғибрат алу үшін қабірді зиярат ету, дұрыс адамдардың, әулиелердің қабірлерінен рухани азық алу мүстаһаб. Ғибрат алу үшін қабірдегі адамның жағдайын ойлау керек.

Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Ата-анасының немесе екеуінің бірінің қабірін әр жұма сайын зиярат еткен адамдардың күнәлары кешіріледі. Ақыларын өтеген болып саналады».

«Бір мүміннің қабірін зиярат еткен кезде «Аллаһумма инни әсәлука би-хурмәти Мухаммад аләйһиссалам ән лә туаззибә хазәлмәйит» десе ол адамның азабы қияметке дейін тоқтатылады».
Еркектерге қабірді зиярат ету бұйырылды. Бейсенбі, жұма және сенбі күндері және мерекелерде зиярат ету мүстаһаб. Пайғамбарымыздың жасаған қабір зияраты мынадай:

Алдымен дәрет алынады. Екі рәкат намаз оқып, сауабы мәйіттің рухына бағышталады. Қабірге барғанда «Ассаламу аләйкә йа аһләл қубур» деп сәлем береді. Аяқ жағына мәйіттің бетіне қарсы қарап тұрады. Ясин, Фатиха және 11 рет Ихлас және басқа да білетін сүрелерді оқып, Расулуллаһқа, сол мазаратта жатқандарға және иманмен өлген барлық адамдарға дұға етіп, сауаптарын солардың рухына бағыштайды.

Қабірді зиярат еткен кезде қабірлерді басып өту, қабірдің үстіне отыру және ұйықтау мәкрух.

Күн Мерген шоқжұлдызында

Бүгін 22 қараша. Күн Мерген шоқжұлдызына кірді және күз маусымының 3-айы басталды. Күн бұл шоқжұлдызда 29 күн болады және 21-желтоқсанда Тауешкі шоқжұлдызына кіреді.