Untitled Document

Тасқа айналған нан (2)

Қызметшісін шақыртып, дастарханды жаздырды,
Азықтарын асырып, сәулетті ас астырды,
«Майлы наннан қызарған, қойыңдар» деп бақырды.
Нанға кеткен қызметші, таңданыстан ах ұрды...
Ойбайлаған қызметші: «бізді қарғыс атыпты,
Үйде нанның барлығы, тасқа айналып қатыпты...»



Ашуланған бай әйел, деді қарап: «Ақымақ!
Демек ашық қалған ғой, қатып қалған тас ұқсап,
Тез бар наубайханаға, ыстық нан ал жақсырақ.»
Үрейленген қызметші тұра жүрді абдырап,
Зыр жүгіріп тездетіп, бай бұрығын орындап,
Дереу үйге асықты, ыстық нанды сатып ап.

Нанды күткен бай әйел, кіріп келе қызметші
Беті жабық себетті өзі ашуға кірісті...
Ашқанында көргені, өз көзіне сенбеді,
Себеттегі нан емес, нан пішінді тас еді...

Таңданған сараң әйел, шыңғырып бар даусымен,
Қолына алып тас нанды, танып қалды есінен...
Сәлден соң жиды есін, өкінді шын пейілмен.
«Аллаһым кешір мені, шындықты көрдім енді,
Тура жолдан адасып, мал-мүлікке табынып,

Сараңдыққа салынып, кеткен екем азғырып.
Ниғметке шүкір етпедім, жамандыққа беттедім,
Келген кедей көршіме, өтірік нан жоқ дедім,
Көздеріме жас толды, ыстық наным тас болды,
Тәубе еттім мың мәрте, басымды иіп сәждеге,
Нем бар болса, мал, ақша, бердім жарлы, кедейге...

Дұғасы қабыл болды, әйел жомарт құл болды,
Көңілі нұр ішінде, болды салиха пенде..