Untitled Document

Исламды үйрену және үйрету

Ислам дінінің негізі – иманды, фарздарды және харамдарды үйрену және үйрету болып табылады. Аллаһу та’ала пайғамбарларды “алейхимуссалауату уәттәслимат” осы үшін жіберген. Жастарға бұлар үйретілмеген кезде Ислам құлап жойылады. Аллаһу та’ала адамдарға “әмри бил маруф” жасауды бұйырған. Яғни “Менің әмірлерімді білдіріңдер, үйретіңдер” және “нәһи анил мункар” жасауды бұйырған. Яғни тыйым салған харамдарды білдіріңдер және жасалуына разы болмаңдар деген.

Хадис шәрифте былай делінді:

«Бір-бірлеріңе мұсылмандықты үйретіңдер! Әмри маруфты жасамай қойсаңдар, Аллаһу та’ала іштеріңдегі ең жаманды бастарыңа басшы етіп қояды және дұғаларыңды қабыл етпейді!»

Бүкіл ғибадаттарға берілетін сауап, Аллаһ жолындағы соғысқа берілген сауаптың жанында бір тамшы су секілді болады. Ал соғыстың сауабы әмри маруф және нәһи анилмункар сауабының жанында теңіздің жанындағы бір тамшы судай ғана болады.

Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” былай деген:

«Бүкіл балалар мұсылмандыққа сай және бейім болып туылады. Оларды кейіннен аналары, әкелері христиан, яһуди және дінсіз қылып тәрбиелейді.»

Мұсылмандықтың орнығуы немесе жойылуы үшін жасалатын ең маңызды істің жастық шақта болатындығын осылай білдірген. Сондықтан әрбір мұсылманның бала-шағасына жастайынан бірінші міндеті Исламды және Құран кәрімді үйрету.

Суэц каналының ашылуы

Ақ теңізбен Қызыл теңізді бірлестіріп, қажылық және сауда жолдарын жеңілдету үшін Сұлтан Абдулазиз ханның дәуірінде және оның Мысырлық Хидиуи (әкімі) Исмаил Пашаның ат салысуымен 25 сәуір 1859 ж қазба жұмыстары басталған Суэц каналы 16 қараша 1869 ж ашылды. 10 жыл 6 ай 25 күнге созылған қазба жұмыстарында 20 000 адам еңбек еткен. Ұзындығы 162,5 км ені 68-100 м аралығында.