Untitled Document

Ахыска (месхет) түріктері (2)


Көп қорлық көрдік, қиын уақыттарды бастан өткердік. Жуынатын су болмағандықтан, үстімізді бит басып кетті. Әжетхана да жоқ. Вагонның бір бұрышын жамылғымен жауып қойып, әжетхана ретінде қолдандық. Күннің суығында сол вагонмен бір ай жол жүрдік. Бөріткен, сүзек ауруына шалдықтық. Біраз адам өлді. Ұрпағы таусылған жанұялар болды, ошақтары сөнді. Ауырып қалғандарды әкететін. Үлкен әпкем ауруға шалдықты. Тексеруге келгендерінде оны көрмесін деп төсенішке орап, тігіп қоятын едім. Сосын ауру адам жоқ  дейтінмін. Өлгендерді арттағы бос вагонға жинады. Бір жерлер немістердің зеңбіректерінің нәтижесінде ойық-ойық, шұңқыр болып қалған екен. Сол жерге келгенде тоқтап, әлгі өлілерді сол шұңқырларға тастай салды. Бір адамға күніне 200 грам нан беретін. Жолай Алматы қаласынан өттік. Естерхан деген бір жер бар еді. Бізді сол жерге түсірді. Өлілерімізді құдыққа тастады. Сосын Өзбекістанға апарды. Аллаһ жәрдем етті, күш берді, сабыр берді, шыдап төздік. Өлгендер өлді, қалғандар қалды...»

Бала тәрбиесі...
Балалардың еркелігі
Балаларда кездесетін менмендік, еркелік, ашушаңдық және білгіштік сияқты жаман әдеттер баланың дұрыс тәрбиеленбеуінен, қалаған нәрселерінің орындалуынан және отбасының балаға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындайды. Мұндай балалар өздерін барлығынан да жоғары санайды, барлық нәрсені өте жақсы білетінін ойлайды. Мұндай балалар мектепте және достары арасында мінезі шатақ және сүйкімсіз болады. Өте білгіштік танытып менменсінуі достарының арасында жалғыз қалып кетуіне себеп болады.
Баланы осындай жаман мінездерден арылдыру үшін, ең бірінші жақсы дос табу керек. Одан басқа әкесінің байлығымен, атақ-даңқымен, ерекше қасиеттерімен мақтанудың қажет еместігін, негізгі жақсы көрілетін және ұнамды болған нәрсенің жақсы мінез және жақсы тәрбие екендігін айтып түсіндіру керек.

Сөз таластыру

Кез-келген мәселеде үнемі өзінікі дұрыс екенін дәлелдеу үшін алдындағы адамның көңіліне ауыр тиетіндей сөздер айту, ренжіту – жаман қасиеттердің бірі. Мұндай қасиеттерге сөз таластыру, айтысып-тартысу, салғыласу, дауласу делінеді.

Сөз таластыру, дауласудың көптеген зияндары бар. Өзгенің сөзін қабылдамай, үнемі “Жоқ, олай емес!” деп салғыласуды әдетке айналдыру – ең жаман қасиет. Мұндай қасиеттер өзгелерден өзін жоғары санайтын адамдардың бойында көбірек кездеседі. Сөз таластырудың зияндары білдірілген хадис шәрифтерде былай делінген:

«Сөйлесіп жатқанда сөз таластырмайтын және бос сөз сөйлемейтін адамға жаннатта бір сарай салынады. Өзінікі дұрыс болса да үндемеген адамдарға да бір сарай салынады.»

«Өзінікі дұрыс болса да салғыласудан бас тартпайынша ол кісінің иманы толық болмайды.»

Демек, бұл хадис шәрифтерде білдірілген әмірге мойынсұну үшін бір адамның қандай да бір мәселеде өзінікі дұрыс болса да сөз таластыруды, дауласуды ұзатуы жақсы емес, тіпті өте жаман. Сонымен қатар, орынсыз жерде кісі айыбын бетіне басу да харам. Өйткені оның айыптарын бетіне басып айтумен оны ренжіткен, көңіліне қаяу түсірген боламыз. Өзгелерді бостан-босқа ренжіту жаиз емес. Дінімізде осы сияқты жағдайларда біреудің айыбын, кемшілігін айту парыз емес. Ондай кездерде үндемеу иманның кемелділігін көрсетеді. Егер сөзімізді тыңдайтынын, құптайтынын білетін болсақ, насихат жолымен түсіндірген жөн. Ал егер тыңдамайтын, қасарысатын адам болса, үндемеген жөн.

Осы жайындағы хадис шәрифте былай делінген:

«Адасқан қауымдардың барлығы дін мәселесінде бір-бірлерімен таласып-тартысқаны үшін адасқан.»

Сөз таластыру – достардың достығын азайтады, дұшпандардың дұшпандығын арттырады. Адамдармен сыйыса алмау, таласып-тартысу және жанжалдасуға дінімізде тыйым салынған.

Хазреті Мәлик бин Әнәс былай дейді: «Таласып-тартысудың, дауласудың дінімізде орны жоқ. Таласып-тартысу жүректі қатайтады. Кекшілдік, жеккөрушілік сияқты жаман қасиеттерді тудырады.» Адамдармен дауласып, сөз таластырып жүретін адам қадірсіз болады. Мұндай адамдарды ешкім жақсы көрмейді және достары да болмайды.