Untitled Document

Күпірлікке жеткізген тәкаппарлық

Ғасани сұлтандарының соңғысы Жәбәлә ибн Әйһәм бұрын мұсылман болған еді. Хижреттің бірінші жылында Мәдинаға келеді. Сұлтан болғандықтан қызметшілері де, киім-кешектері көп болып, өзі де, қызметшілері де өте әдемі, сәнді киімдер киетін. Хазреті Омар қажылыққа кетіп бара жатып, оны да өзімен бірге ала кетеді. Қағбаны тауаф етіп жүргенде, адамның көптігі және сығылысқан қалың тобырдың ішінде кедей бір мұсылман байқаусызда Жәбәләнің етегін басып жыртып алады. Жәбәлә оған қатты ашуланып, әлгі кедейді бір ұрып мұрнын сындырады. Ол кедей болса хазреті Омарға барып шағымданады. Сонда хазреті Омар Жәбәләні шақыртып, араларында мынадай әңгіме өтеді:

- Не кедейді разы қыласың, не сені жазаландырамын,- дегенде Жәбәлә:
- Мен – сұлтанмын! Ол болса бір кедей. Оған бола мені қалай жазаландырмақсың?- дейді.
- Ислам діні бойынша араларыңда ешқандай айырмашылық жоқ. Иләһи заңдардың алдында барлығың бірдейсіңдер.
- Егер де мен исламнан шығатын болсам, арамыздағы айырмашылық та жойыла ма?
- Кінә бәрібір жазасыз қалмайды.
- Егер де мен христиан болсам, не болады?
- Христиан болсаң, мойныңды бұрап жұлып аламын,- деген кезде Жәбәлә хазреті Омардан ойлануға біраз уақыт рұқсат сұрайды. Сол түні адамдарын алып Мәдинадан қашып, Константинопольге (Стамбулға)

барады. Христиан болып, сол жерде өледі. Тәкаппарлығының кесірінен отанынан, отбасынан айрылғанымен қоса, дінінен де шығып, шексіз пәлекетке душар болды.