Untitled Document

Еркіне жіберу

Балаларға қалағанын істету, бос жіберу дұрыс емес. Жас кезінде тәртіпті, жүйелі өмір сүрулерін қамтамасыз ету керек. Бала белгілі бір уақыттарда, белгілі нәрселермен айналысуы керек. Осылайша бала тәртіпке, жүйелі өмір сүруге бейімделеді және кейін жүйелі түрде өмір сүреді. Тек ойын ойнап жатқан кезде оны өз халіне жіберу керек. Бірақ бұл да өз білгенін істетіп қою деген сөз емес.

Ойнап жатқан кездерінде немен айналысып жатқанын байқау керек. Бала өзіне және айналасына зиян келтірмей, өз білгенінше ойнап жатқан болса мәселе жоқ. Бірақ осындай бос уақыттарында өзіне және айналасындағыларға зияны тиіп жатқан болса, бұл істің алдын алу керек. Бос уақыттарында шаттануына, ойнауына мүмкіншілік беру керек. Бірақ істеген зиянды нәрселерін балаға, түсіне алатындай түрде білдіріп, оларға бөгет болу керек.

Бірінші Дүниежүзілік Соғысы

Бірінші дүние жүзілік соғыс (28 шілде 1914 – 11 қараша 1918) адамзат тарихындағы ең кең ауқымды соғыстардың бірі.

Соғыс нәтижесінде төрт империя – Осман империясы, Ресей империясы, Австрия-Венгрия империясы және Германия империясы құлдырады. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа Еуропа құрлығынан бастап, дүниенің бес құрлығынан көптеген мемлекеттер қатысқан және материалдық зардаптармен қоса 12 миллионға жуық адам өліп, 55 миллионға жуығы жараланған.