Untitled Document

Мен ба?

Сот кінәлідан сұрайды:
- Атың кім?
- Менің атым ба?
- Иә сенің атың?
- Мұрат.
- Әкеңнің аты кім?
- Менің әкемнің аты ма?
- Иә сенің әкеңнің аты?
- Мақсат.
- Не жұмыс істейсің?
- Мен ба?
- Иә сен?
- Егіншімін.
- Жасың қаншада?
- Менің жасым ба?
Сот ашуланғаны соншалық, өзін ұстай алмай айқайлайды:
- Жоқ менің жасым?!
Кінәлі иығын жоғары көтеріп, басын екі жақа шайқап:
- Сот мырза, не айтарымды білмей тұрмын, бірақ 50-55 жастан үлкенге ұқсамайсыз!

Аюдың достығы

Бір күні аңшы тауда кезіп жүріп, жартастарға аяғы қысылып қалған аюды көріп оны құтқарады. Аю аңшының жасаған жақсылығы үшін «Бұл жерден кетпе, мені күте тұр!» деп ишарамен түсіндіріп кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін құшағында бал толы ара ұясын көтеріп келеді. Балды жеген аңшының ұйқысы келіп, ағаштың көлеңкесіне жатып ұйықтайды. Аю аңшыға бір зиян тимесін деп бас жағында күзетіп отырады. Біраздан кейін бейшара аңшының жүзіндегі жабысып қалған балға шыбындар қона бастайды. Аю алдыңғы аяқтарымен шыбынды қуады. Бірақ шыбын тағы да қайтып келеді. Аю ашуланып, қолына тасты алып жіберіп қалады. Тас шыбынды езіп жібереді, бірақ аңшының басын да күл-талқан етеді.