Untitled Document

Сұхбат - Дінімізді дұрыс үйрену үшін (2)

Қолда мүмкіндік барда, жан тәнімізден шықпай тұрғанда әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын тауып оқуымыз керек. Дінімізді дұрыс үйреніп, балаларымызға, жақындарымызға және сөзіміз өтетін адамдарға үйретуіміз керек. Балалардың мектепке барғаннан кейін діндерін үйренуі қиын, тіпті мүмкін емес халге келеді. Басқа бәле келгеннен кейін “ойбайлаудың” пайдасы жоқ. Ислам дұшпандарының, мазһабсыз дүмшелердің, әулие дұшпаны зындықтардың тәтті, жағымды сөздеріне, кітаптарына, газеттеріне, телеарна және радиоларына алданбау керек. “Хазреті Ибни Абидин” «ешбір дінге сенбесе де мұсылман көрініп, күпірге себеп болатын нәрселерді мұсылмандық деп уағыздап, мұсылмандарды діннен шығаруға тырысатын сұм кәпірлерге “зындық” делінеді.» деген.

Хазреті Ахмет ибн Хажар Мәкки “Фәтәуа-и хадисийа” кітабындағы фәтуасында: «Ислам ғалымдарының тәфсирлерінен алмай, керісінше өз басының түсінгендерін және өз ой-пікірлерін тәфсир деп жазған дүмшелердің кітаптарын халыққа ұсынып жатқандарға кедергі болу керек. Мұндай кітаптар тәфсир бола алмайды. Оларды халыққа тек дүмшелер ғана ұсынады. Дүмшелер басқаларды да адастырып, жолдан тайдырады.» деп бұйырған.

Осы себепті ақшаға табынатын, надан, мазһабсыз дін адамдарының сөздеріне алданбау керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарына жабысып, азғындардың бұзық, уланған кітаптарын алмау керек, оқымау керек. Бұл дәуірде әһли сүннет болғандар тек төрт мазһабтың мұсылмандары ғана.

Нәтижеде дүниенің қай жерінде болса да әрбір адамға ең бірінші қажетті нәрсе дінін, иманын дұрыс үйрену және бала-шағасына үйрету болып табылады. Ескі замандарда діннің әмірімен тыйымдарын ислам ғалымдарынан оңай үйренуге болатын. Қазіргі таңда ондай шынайы ислам ғұламалары жоқтың қасы. Осындай келеңсіз шарттардан пайдаланған мазһабсыз, сектант, дүмше жастар өздерінше “молда-молда” ойнап жатыр. Қазір дінді, иманды дұрыс үйрене алу үшін жалғыз шара – әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу және бала-шағаға оқыту. Бұл кітаптарды табу, таңдау, оқып амал ету де Аллаһу та’аланың үлкен ихсаны. Хазреті Ибн Сириннің айтқаны секілді: «Діндеріңді кімнен үйреніп жатқандарыңа мұқият болыңдар!»