Сұхбат - Дінімізді дұрыс үйрену үшін (1)
Дін ілімдерін әһли сүннет ғалымдарынан немесе олардың дайындаған кітаптарынан үйрену керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқығандар әрі дін ілімдерін үйренеді, әрі жүректері (көңілдері) тазарады. Пайғамбарымыз «Діндеріңді ислам ғалымдарының ауыздарынан үйреніңдер» деп бұйырған.
Бала кішкентай кезінде ең көп анасын жақсы көреді, оған сиынады. Өсе келе әкесіне көбірек сенеді, әкесіне жақын болады. Мектепке немесе өнерге бастағанда ұстазына сеніп оның қанатына жабысады. Аллаһу та’аланың әдеті осылай. Рухтың азықтары да осы секілді алдымен әке-шеше және ғалым кейін расулуллаһ алейһиссалам арқылы келуде.
Әр бір мұсылманның илмихал ілімдерін үйренуі парыз айн болып табылады. Аллаһу та’ала «Білетіндерден сұрап үйреніңдер!» деп бұйырған.
Білмейтіндердің ғалымдардан және олардың кітаптарынан үйренулері керек. Сондықтан хадис шәрифте «Ілім үйрену еркектерге де әйелдерге де парыз» делінді.
Бұл әмірлер денемен, көңілмен жасалатын ғибадаттарды және тыйым салынған күнә нәрселерді илмихал кітаптарынан үйрену керектігі, дін надандарының, мазһабсыздардың, дінде реформисттердің сөздеріне, кітаптарына алданбау керектігін көрсетуде.
Хазреті Мұхаммед Масум былай дейді: «Бидғатшы болған дін адамдарының жандарына жақындамаңдар! Хазреті Яхия бин Муаз “үш адамнан алыс жүріңдер” деген. Бұл үш адам ғафил, дүмше молда, байларға жалтақтап жүретін қари және діннен хабары болмаған тариқатшы болып табылады. Дін адамы ретінде ортаға шыққан адам расулуллаһ алейһиссаламның сүннетіне мойынсұнбайтын болса, жүріс тұрысы исламға сай болмаса, одан қашу керек, жанына жақындамау, кітаптарын алмау керек, оқымау керек. Оның тұратын ауданына да жоламау керек. Оған түйірдей жақындасу адамның дінін бұзады. Ол дін адамы, молда емес, керісінше өзін ғұлама қылып көрсететін дін дұшпаны болып есептеледі. Ондайлар мұсылмандардың имандарын, сенімдерін, ақидаларын бұзады. Ондай дүмшелер шайтаннан да зиянды болады. Сөздері көркем, әсерлі болса да және дүниені жақсы көрмейтін, тақуа болып көрінсе де ондайлардан жыртқыштан қашқандай секілді қашу керек.»
(жалғасы ертең)