Денсаулық - Стресс
Стресс: Бұған жүйке ауруы, жүйке бұзылуы деп те айтылады. Көп шаршағандықтан және қобалжығандықтан пайда болады. Аурудың ауыр түрінен айыққан кезде де артынша келеңсіз түрде көрініс табуы мүмкін.
Белгілері: Шаршау, төсектен әлсіз күйде тұру, бас ауруы, өтпелі шаншулар, күдіктер, қорқу халдері, ас қорытылуының әлсіреуі, іш қату, ұмытшақтық және әлсіздік. Беті бірден қызарып, солып қалады. Аяқ-қолдары суып кетеді. Кейде көп терлейді. Жүрек қатты, дүрсілдеп соғып, тыныс алуы қиындайды.
Емі: Душқа түсу және массаж қабылдаудың пайдасы бар. Ақыл-ойды және денені демалдыру керек. Қорытылуы қиын тағамдарды жемеу керек. Ашық ауада, кең жерлерде және жұбататын, көңілді сергітетін адамдармен отыру керек. Фосфатты, болатты дәрілерді және азықтарды тұтыну керек. Хинин мен қара миізді қайнатып, тамақтан жарты сағат алдын ішу керек. Әр күні жарты сағат демалғаннан кейін, жылы суға шомылып, кейін серуендеу керек. Жайлау климаты жақсы әсер етеді. Теңіз климаты онша жақсы әсер етпейді. Электрмен және акупунктура (инемен) емдеудің пайдасы бар. Кофе ішпеу және темекі шекпеу керек. Ішті желдендіретін азықтарды тұтынбау керек.
Сұхбат - Әйелдің табысы
Дінімізде ақша табу жағынан еркек пен әйел тең емес. Еркек, әйелін далада, фабрикада қандай да бір жерге жұмыс істетуге мәжбүрлей алмайды. Егер әйелі өзі қаласа, күйеуі де разы болатын болса, қолынан келетін ыңғайлы жұмыстарда істей алады. Бірақ әйелдің тапқан ақшасы өзінікі болады. Күйеуі әйелінің разылығынсыз одан бір нәрсе ала алмайды, өз қажеттіліктерін өзінің ақшасына алуға да мәжбүрлей алмайды. Яғни «Сен де ақша тауып жатырсың, өзіңе қажетті нәрсені өзің ал!» деп айта алмайды.