Untitled Document

Бақыттың рецепті

§ Арзан көлік қолдан, бірақ ала алғаныңша ең әдемі үй ал!
§ Жұбайыңды өте жақсы таңда! Өйткені бақытыңның немесе бақытсыздығыңның 90% осы таңдауыңа байланысты.
§ Күніне ең аз 30 минут жаяу жүр!
§ Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір ет!
§ Күніне 6 стакан су ішуді ұмытпа!
§ Сені жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жаса!
§ Қалам және күнделігіңді үнемі жаныңда алып жүр!
§ Уақытыңды және сөздеріңді бос нәрселерге жұмсама!
§ Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар бол!
§ Көз алдыңда үнемі әдемі нәрселер болсын!
§ Балаларыңды түсінуге тырыс, жазалауға емес!
§ Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорқ!
§ Жанұяңдағыларды сынға алғың (айыптағың) келгенде тіліңді тісте!
§ Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойлан!
§ Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойла!
§ Өзіңе жасалуын қаламаған нәрсеңді басқаларға да жасама!

Жаназаға қатысу

Қайтыс болған бір мұсылманның жаназасына қатысу сүйікті пайғамбарымыздың әмірі. Хадис шәрифте: «Бір мұсылман қайтыс болғанда жаназа намазын қырық мұсылман оқыса, Аллаһу та’ала олардың мәйітке берген көмегін, яғни дұғаларын қабыл етіп, мәйіттің күнәларын кешіреді»- делінген.

Өлім, барлық адамның басына келетін ақиқат. Басқалардың жаназасына қатысу, бір күні өзіміздің де өлетінімізді еске алуымызға себепші болады. Табыт көтеру өте үлкен сауап. Хадис шәрифте былай делінген: «Табытты қырық қадам көтерген адамның қырық үлкен күнәсы кешіріледі.»