Пісіп жетілген құрмалар
Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда радиаллаһу анһ, таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең соңғы болып шығатын. Бір күні бамдат намазында сүйікті пайғамбарымыз намазды бітіргеннен кейін тәсбиһ дұғаларды айтып, асығып шығып кетті. Бұл жағдай бірнеше күн жалғасқаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз:
- Ей Әбу Дәрда! Сен әуелде мешітке бәрінен бұрын келіп, бәрінен кейін шығатын едің. Қазір саған не болды?- деп сұрайды. Хазреті Әбу Дәрда былай деп жауап береді:
- Йа Расулаллаһ! Білетініңіздей құрмалардың пісіп жетіліп жерге түсетін ыстық маусымдамыз. Көршіміздің құрма ағаштарының бұтақтары біздің ауламызға қарай иіліп тұр. Түнде сол ағаштан біздің аулаға түсетін құрмалар, таң атқанға дейін көбейіп кетеді. Бамдат намазынан кейін тез жетіп бармасам, балаларым ұйқыдан тұрғанында құрмаларды жеп қояды. Негізінде мен балаларыма харам жегізбеймін деп Аллаһу та’алаға сөз бергенмін. Сол себептен балаларым оянып аулаға шықпай тұрып, біз жаққа түскен құрмаларды теріп көршімнің ауласына тастаймын. Асығып шығып кетіп жүргенімнің себебі осы.
Қатерлі ісік және спиртті ішімдіктер
Спиртті ішімдіктер, қатерлі ісік ауруын шақыратын ең үлкен факторларының бірі. Сондай-ақ спиртті ішімдіктер, бауырдағы цирроз және соған ұқсас аурулардың жетіліп, рак жасушаларының пайда болуында немесе көбеюінде маңызды рөл атқаруда.
Мамандар түрегеп тұрып тамақ жеудің, протеин аздығының және спиртті ішімдік, темекі, есірткі заттар және тағы басқа себептердің қатерлі ісік санының арттырып жатқандығын мәлімдеуде.