Сұхбат - ӨЛГЕН АДАМНЫҢ АРТЫНАН ЖЫЛАУ
Өлген бір туысыңның артынан көзжасымен үнсіз жылау рұқсат. Ал дауыстап жылау болса, өліге азап береді.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жанұя және жақындардың (дауыстап) жылауымен өлі азап шегеді»
«Байқаңдар, өлінің артынан айғайлап жыламаңдар! Бұл надандық дәуірінен қалған әдет.»
«Артынан айғайлап жылаған сайын өліге азап келе береді.»
«Өлі үшін бетін тырнап, жағасын жыртқан және өзінің де өлуін қалаған әйелге Аллаһ лағынет атсын!»
«Бір туысы өлгенде шашын жұлып, айғайлап жылаған және бетін тырнап, киімін жыртқан адамнан ұзақпын!»
Бұлай жасамай, өліге деген рақымдылығымен және мейірімдігімен дауыссыз көзжасымен жылау жаиз. Өйткені пайғамбарымыз баласы қайтыс болғанда көзжасымен жылаған. Себебін сұрағанда, «Жаным ащығаннан жылап отырмын. Көзден жас шығып, көңіл қайғырады. Бірақ біз Раббымыз разы болмайтын еш нәрсе айтпаймыз. Ей Ибраһим біз сенен айрылудан өте қайғылымыз.» деп бұйырған.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.