Сұхбат - Егін шаруашылығы
Егіншілік, диқаншылық – Аллаһу та’аланың жәрдеміне сүйеніп еңбек ету және істеген ісін Оған тапсыру болып табылады. Бұл дегеніміз нағыз тәуекел. Өйткені, егістікке егілген нәрсенің жемісін көру Аллаһу та’аланың беруіне, ихсан етуіне байланысты. Бұған құлдың ешқандай қатысы жоқ. Ол тек қана егіннің тұқымын топыраққа егеді. Ал оның өсіп жетілуін, астық беруін Аллаһу та’аладан күтеді.
Мыңдаған адамдардың күнделікті жейтін азықтарына диқаншының сіңірген еңбегі мол. Тіпті бір тілім нанның өзіне көптеген адамның еңбегі сіңген. Диханшы, комбайыншы, механик, ұста, наубайшы және тб. Егер сол бір тілім нан Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарының бірінің азығы болатын болса, оның істеген бүкіл сауаптары осыған еңбегі сіңген жүздеген адамдардың амал дәптерлеріне жазылып, жаһаннам отынан азат етілулеріне себеп болады.
Егіншілікпен айналысатын адам тек адамдарға ғана емес, жер бетіндегі құрт-құмырсқаларға, құстарға және барлық жан біткендерге пайдалы болуда. Оның еккен егінінен барлығы да пайдалануда. Олардың жеген әрбір азықтарынан түскен сауап диқаншыға да беріледі және жаннатта марапатталуына себепші болады.
Олай болса диханшылар Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мән беруі керек және егін шаруашылығын дінімізге сай жасауы керек. Осылайша уәде етілген сауаптарға қауышады және харам, күмәнді нәрселерді жеуден сақтанады. Егіншілікпен айналысатын адам егістік өнімдерінің зекетін яғни ұшырын беруі керек. Ұшыр – алынған өнімнің оннан бір бөлігін кедейлерге беру дегенді білдіреді. Өнімнің ұшыры берілмей желінуі күнә болады. Топырақтан алынған өнімнің азының да, көбінің де ұшырын беру керек. Ұшыр беру мал-мүліктің берекесін арттырады.