Жетістіктің сыры
Осман Империясының дамуынан, Венаға дейін барғанынан қатты қорқып, жетістіктерінің себебін іздеп таба алмаған Еуропаға, Стамбулдағы ағылшын елшісінің осы мәселені түсіндіру мақсатымен үлкен қуанышпен жазған хатының мәтіні төмендегідей:
«Таптым, таптым... Османдықтардың үнемі жеңістен жеңіске жетулерінің себебін және оны тоқтатудың шарасын таптым... Османдықтар қолға түсірген тұтқындарға еш жаманшылық жасамайды, бауырындай қарайды. Қай ұлт, қай діннен болса да кішкентай балалардың зеректігін тексереді. Ұғымтал, зерек балалар таңдалып, сарай мектептерінде, одан кейін мемлекеттік қызметкерлерін дайындайтын мектепте ең сапалы оқытушылар тарапынан оқытылады. Ислам ғылымдары, ислам әдебі, жаратылыстану, мәдениет дәрістері оқытылып, мықты және табысты мұсылман болып жетілдіріледі. Міне, осы балалардың арасынан Осман әскерін үлкен жеңістерге жеткізетін даңқты басқарушылар, Соколлу (Бойко Соколович) және Көпрулу сияқты іріктелген саясат және әкімшілік адамдары шығуда. Османдықтардың дамуын тоқтату үшін осы мектептерді және бұлардың тармағы болған медреселерін жойып құрту, мұсылмандарды білім және ғылымда артта қалдыру керек.»
Оқиға...
Хазреті Омар
Кедей, аш кезінде Хазреті Омардың тамағынан бір үзім тамақ өтпейтін. Бір кездері Мәдинаны аштық қаптап кеткен еді. Хазреті Омар түйесінің сойылып кедейлерге таратылуын әмір етті. Түйе сойылып таратылды. Ең дәмді жері алынып, пісіріліп Хазреті Омардың алдына ұсынылды. Хазреті Омар алдындағы тамағының ішінде ет көрген кезде:
- Бұл ет қайдан келді? – деп сұрады.
- Сойылуын әмір еткен түйеңіздің еті, мырзам.
Хазреті Омардың бірден реңі өзгеріп, жүзі бозарып кетті. Айбарлы күйде:
- Мен сендерге “Түйені сойып кедейлерге таратыңдар!” демедім бе? Ал сендер ең жақсы бөлігін алдыма қойып отырсыңдар. Дереу бұл тамақты алыңдар да кедей, мұқтаж адамдарға беріңдер! – деп бұйырды.
Сосын күнделікті жеп жүрген құрғақ арпа наны мен зәйтүн майын Бисмилләсын айтып, көңілі тынышталған, рахат күйінде жеді.
Ұйқысы келіп жатыр
- Әкем магнитофоныңызды сұрап жатқан еді,- дейді.
- Не істейсіңдер? Ән тыңдайсыңдар ма?- деген сұраққа бала былай жауап береді:
- Жоқ, әкем ұйықтағысы келіп жатыр!...