Untitled Document

Өз айтқанынан қайтпайтын балалар

Қарапайым мәмілемен және ұстамдылық, табандылық танытып, баланың қырсықтығын кетіруге болады. Бала бір нәрсеге қырсығып қалған кезде, оған сол нәрсеге қол жеткізе алу сезімін бермеу керек. Бала «Егер жыласам, айғайласам, шу шығарсам, шешемді ұялтсам... қалаған нәрсемді береді» деген сезімдерге түсіп қалмауы керек. Жас кезінен әр қалаған нәрсесін істететін бала, келешекте бұл қырсықтығын оңайлықпен тоқтатпайды. Оны сәби кезінен бастап тәрбиелеу керек, жылап, қырсықтық етуіне мән бермеу керек.
Егер әр қалаған нәрсесі орындала беретін болса, бала да, үлкендер де ешқашан тыныш болмайды. «Соған қалаған нәрсесін беріп құтылайыншы» дегенмен, бұл қалауларының соңы бітпейтінін түсіну керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

ІІ Дүние жүзілік соғысының аяғында адамзатты жаңа соғыстардан сақтап қалу үшін және елдердің қиыншылықтарына бірлесіп шара табу үшін және адам хұқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. 24 қазан 1945 ж 50 мемлекеттен құрылған бұл ұйымның әлемдік бейбітшілікке біршама пайдалары болды.

Ең соңғы болып 28 маусым 2006 ж Черногорияның да мүше болуымен БҰҰ-на мүше елдердің саны 192 жетті.

БҰҰ-на әр түрлі дәрежелі елдер мүше. 1 300 000 000 астам халқы бар Қытай елдермен қоса орта есепті ауыл көлеміндей де мемлекеттер де бар.

Жер көлемі 17 000 000 км2 болған Ресей мемлекеттермен жер көлемі 2 км2 құрайтын Монако сыңды елдер де бар.