Untitled Document

Жаңғақ өте пайдалы

♦ Ішек ауруларын және геморройды кетіреді.
♦ Жаңғақ інжірмен қосып желінетін болса улануға қарсы жақсы әсер етеді.
♦ Қанауды тоқтатады.
♦ Көкірек және кеңірдек ауруларын кетіріп, жөтелді тоқтатады.
♦ Шаштың төгілуіне қарсы пайдалы.
♦ Тамақ қабынуларын кетіреді.
♦ Жасыл қабықтарынын қайнатып суын бетке жағу безеулерді кетіреді.
♦ Шаш пен қолдарды бояуға болады.
♦ Көз қабынуларын кетіреді.
♦ Тері қызуының алдын алады.
♦ Асқазанға шипалы, ас қорытуды жеңілдетеді.
♦ Сал (паралич) ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы.
♦ Бауырды қуаттандырады, тістерді жылтыратады.
♦ Қарында су жиналуына бөгет болады.
♦ Іш өтуді тоқтатады, іш қатуын кетіреді.

Ұстасыз жасалған қайық

Имам Ағзам бір атеистпен айтысу үшін сағат онда кездесуге келіседі. Хазреті Имам әдейі ол жиынға кешігіп барады. Кешіккенінде атеист «қараңдар Имамдарың қорқып келмей жатыр» дейді. Келген кезінде не үшін кешіккенін сұрайды. Ол «қайық жоқ еді, өзеннен өте алмай тұрдым, бір қарағанымда, ағаштың бұтақтары өздігінен жиналып қайық болып тұра қалды, сол қайықпен өзеннен өтіп келдім, сондықтан кешіктім» дейді. Атеист күле бастайды «көрдіңдер ме қалай өтірік айтып тұр, ұстасы болмай өз-өзінен бір қайықтың жасалуы мүмкін бе?» дейді. Хазреті Имам дереу сөзін құптап: «Ей атеист, бір қайық та ұстасыз өздігінен жасалмайтын болғанда, мына үлкен әлем қалай өздігінен бар болады» деп атеистпен айтысты бастамай жатып-ақ жеңіп шығады.