Инквизиция шындығы
Орта ғасырда Еуропада католик сенімдеріне мойынсұнбағандарды жазалау үшін католик шіркеуі тарапынан құрылған “инквизиция соттары” ғасырлар бойы жазықсыз адамдарға айып тағып, әр түрлі қорлықтармен өлтіріп отырған. Инквизиция соттары алғаш рет 1184 жылы Италияның Верона қаласында поптар мәжілісі тарапынан құрылған. Төрешілері сол қаланың дін қызметкерлерінің арасынан тағайындалып отырған. Епископтар (дін қызметкері) тарапынан жасалатын тексерісте “инквизиция соттары” бойынша жазаланатын адамдар анықталып отырған. Оларға мүлхид (діннен қайтқан) делінген. Мүлхид екендігіне шешім қабылданғандардың мал-мүлкі тәркіленіп, жазалау үшін мемлекет қызметкерлеріне тапсырылатын. Бұл соттардың ең жеңіл жазасы - өмір бойы қамауда отыру. Одан басқа дарға асу, тірідей өртеу сияқты жазалар берілген. Мүлхидтерді (католик сенімін мойынсұнбағандарды) ұстап беру үшін барлық адамдарға жауаптылық жүктелген. Жасырын ақпарат бермегендер үшін арнайы іс қозғалып, бұл адамдарға әр түрлі қорлық, зорлық-зомбылықтар көрсетілген.
Надандықтың және қате сенімнің нәтижесі болған “инквизиция соттары” Франция, Германия және Швецарияда да құрылған. Англия, Голландия және Швецарияны қоспағанда барлық Еуропаға таралған. Ең үлкен зұлымдық Испаниядағы Андалусия мұсылмандарына жасалды. Испанияда бір ғана соттың шығарған шешімі бойынша 28 мың адам өлім жазасына кесілген. Бұл соттардың қаншалықты қатыгез, қатал, жауыз болғанын осыдан аңғаруға болады.
“Инквизиция cоттары” 19 ғасырдың басына дейін өз жұмысын жалғастырып келді. 1808 жылы Наполеон Бонапарт бұл соттарды алып тастады. Сондай-ақ 1930 жылы өзіміздің Кеңестік үкіметте де Сталиннің “халық соты” атымен құрған зұлымдық соттарында 15 миллионнан астам адам жазықсыз өлтірілген. Қытайдағы Маоның “мәдениет төңкерісі” деген сылтауымен осы сипаттағы соттардан 10 миллионға жуық адам өлтірілген.