Денсаулық - Айва
Айва – денсаулық үшін өте пайдалы жемістердің бірі. Айваның ең жақсысы үлкен және сап-сары болып піскені. Айва ішті қатырады және асқазан үшін пайдалы. Айва шырынының жөтелге және тамақ ауруына пайдасы бар. Айвадан құр өзінен, хош иісті жеміс шырыны жасалатынындай, лимон қосып та шырыны жасалады. Айвадан жасалған тәттілер ішті әрі жүргізеді, әрі қатырады. Айваның майы терлеуді тоқтатады, асқазанды және жүректі қуаттандырады, көңілге тыныштық береді, хош иістер қосылған айва майы одан да өткір болады.
Айва, сусыздықты және құсуды тыныштандырады, зәрді көбейтеді, ішектердегі жараларға, қан түкіруге және іш өтуіне қарсы пайдасы бар. Жүктілік кезде 3-айдан бастап тұрақты желінсе, баланың әдемі болуына әсері болады. Айваның иісі миды және жүректі қуаттандырады. Айва рухқа қуат береді. Егер балмен араластырылып женілсе зәрді одан да көп айдайды. Емізетін әйелдердің көкіректерінде пайда болған ауруды тыныштандырады.
Тәкаппарланба
Ислам ғалымдарынан Мұхаммед ибн Сәммак хазреттері, Аббаси халифаларынан бірінің құзырына келеді. Халифа бір кесе су ішіп тұрып, ибн Сәммактан:
- Маған насихат айтшы, - дейді. Ибн Сәммак:
- Қатты шөлдеген кезіңде, сол суды тек бүкіл байлығыңды берген жағдайда ғана берілетін болса не істер едің, - деп сұрайды. Халифа:
- Бүкіл байлығымды беріп сол суды алар едім, - дейді. Сонда ибн Сәммак:
- Олай болса, бір кесе судың құнындай болған байлығыңмен тәкаппарланба!- дейді.