Untitled Document

Спиртті ішімдіктердің жүргізушіге келтіретін зияндары

1) Жүргізушінің көру қашықтығы және түстерді бір-бірінен ажырату қабілеті азаяды.
2) Жылдамдық және қашықтық болжауларын жасай алмайды.
3) Зейін және рефлекстері әлсірейді.
4) Қауіпті жағдайларда сезімталдығы азаяды.
5) Жылдамдықты арттыру қалауы көбейеді.
6) Реакция уақыты азаяды.
7) Дұрыс және тез шешім қабылдай алмайды.
8) Ажырату (сцепление), тежегіш, газ педалі және руль арасында координация бұзылады.
9) Жасанды батылдық пайда болады.
10) Көзіне жарықтық көрінеді, бір нәрсе екеу болып көрінеді, көзіне әр нәрсе көрінеді.
2011 жылы мас күйде көлікке отырғандардың кесірінен 177 жол апаты орын алып, 60 адам ажал құшқан. Арақ ішкен адам өзіне де, өзгелерге де зиян келтіреді. Жындының бір түріне айналады. Қадірі қалмайды. Ақыл-есі кемиді. Ешкім арақ ішіп әбүйір тапқан емес.

Аңшы

Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:

- Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
- Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
- Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?