Untitled Document

Денсаулық - Грейпфрут

Құрамында көп мөлшерде С витамині болғандықтан, грейпфрут, нағыз ем көзі... Грейпфруттың негізгі отаны Ямайка. Алғашында тек емдік мақсатта қолданылатын. Әлемдегі ең көп грейпфрут өндіретін және тұтынатын мемлекет – жылына 400 мың тоннаны құрайтын Франция. Грейпфруттың сары, ашық қызыл және қою қызыл сияқты түрлі сұрыптары бар. Ішінің қызыл түсі қоюланғанда қант мөлшері де арта түседі. Қабығы қалың болғандықтан, тоңазытқышта немесе ашық күйде де балғындығын ұзақ уақыт сақтай алады.
Грейпфрут таңғы асқа ортасынан кесіліп қант пудрасы және балмен араластырылып желінуімен қатар, суына шекер араластырылып та ішіледі. С витамині апельсинге қарағанда көбірек болған және құрамындағы қант мөлшері азырақ болған грейпфруттың майларды ыдырататын, антисептикалық (микробтарды жоятын), асқорыту жұмысын жеңілдететін, зәр айдайтын, шаншулардың алдын алатын, шаршау және стресс кездерінде ағзаны сергітетін және қанды тазалайтын қасиеттері бар.

Грейпфруттың мынадай басқа да пайдалары бар: Тәбетті ашады. Бауыр жұмысын жақсартады. Өт секрециясын арттырады. Ағзадағы жиналған суды және улы қалдықтарды шығарады. Қанды тазартады. Дененің және мидың шаршауын басады. Сал (паралич) және қан кетудің алдын алады. Өкпе және кеуде ауруларына да өте пайдалы.

Күн Таразы шоқжұлдызында

Бүгін 22 қыркүйек. Күн Таразы шоқжұлдызына кіріп, күз маусымы басталды. Күз маусымы 90 күнге созылып, 21 желтоқсанда аяқталады. Күн бұл шоқжұлдызда 31 күн болады және 23 қазанда Сарышаян шоқжұлдызына кіреді.