Құймақ (блины)
Қажетті заттар: Жұмартқа - 3 дана, сүт - 1л, ас содасы - 0,5 шай қасығы (уксуспен сөндіріледі), шекер - 200гр, тұз - 1 шымшым, сұйық май - 200 гр, ұн – шамамен 500 гр.
Жасалуы: Алдымен жұмыртқаны (миксермен) жақсылап араластырып аламыз, кейін тұз, шекер және уксуспен сөндірілген ас соданы салып, тағы да жақсылап араластырамыз. Үстіне май және сүт құйып барлығын араластырамыз. Соңында үстінен ұн салып, қатты қою да емес, қатты сұйық та емес етіп қамырын дайындаймыз. Арнайы құймақ пісіретін табаны жақсылап қыздырып алып пісіреміз. Табаның түбіне жабыспауы үшін жақсылап қыздыру керек.
ҮЙ ҮШІН
• Темір заттың үстіне қойылған оятқыш сағаттың дауысы қаттырақ шығады.
• Алтын алқаларды жылтырату үшін, кір жуғыш ұнтақ қосылған суға салып бетін жауып қою керек. Кейін тіс щеткасымен тазалап жылтыратуға болады.
• Кафельді тазалағанда қолданылатын жуғыш ұнтаққа кішкене сірке суы қосылса, кафельді жылтыратады.
• Шыны сынықтарын жинау үшін суланған мақта қолданылады.
• Үтіктен сарғайған мата тұзды лимонмен ысқыланып күнге кептіріледі.
• Раковинаны суы біткен лимон қабығымен ысқыласа таза болады.
• Тартпалар қиын ашылып жатса, крахмал жағылады.