Денсаулық - 3 жастан кіші балаларға теледидар көрсетпеңдер
Балалардың денсаулығы үшін 3 жастан кіші балаларға мүлдем теледидар көрсетпеу керектігі айтылды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, 3 жастан үлкендерге де шектеу қойылуы тиіс.
Англияның алдыңғы қатарлы психологтарынан Др. Арик Сигман, әр өткен күн, адамдардың ойын приставкалары, планшеттер, компьютерлер, теледидарлар, ақылды телефондар және ноутбуктардың алдында көп уақыт өткізетінін айтып, мұның семіруге себеп болатынын, жүрек қан тамырларының ауруларына және 2-типтегі диабет ауруына шалдығу қауіпін арттыратынын айтып өтті. Еліндегі әсерлі «Archives Of Disease In Childhood» атты медициналық журналда мақаласы басылып шыққан Сигман, экранның алдында көп уақыт өткізудің психологиялық проблемаларға да жол ашатынын айтып ескертті.
Сигман: «Экран алдында отыру жасының кешігуі және күнделікті экранның басында өткізілетін уақыттың азаюы, балалардың денсаулығына және жақсы өмір сүруіне үлкен пайдалары бар» деді. Сонымен қатар, бала денсаулығының маманы атақты психолог, экран алдында отырып өткізілетін уақыттың баланың әлеуметтік қатынасына да әсер ететінін айтты.
Ата-аналардың, тыныш отырсын, мазамды алмасын деп балаларды экранның алдына отырғызып қоюының да барған сайын кең тарап келе жатқанын білдіріп, бұл әдеттен ұзақ тұру керектігін мәлідеді.
Сигман, 3 жастан кішкентайларға мүлдем теледидар көрсетпеу керектігін, экран алдында өткізілетін уақыттың 3 пен 7 жас арасындағы балаларға күніне жарты сағат пен бір сағат, 7 жас пен 12 жас аралығындағыларға тек бір сағат, 12 мен 15 жас арасындағыларға күніне 1,5 сағат, 16 жастан жоғары жастағыларға да ең көп 2 сағатпен шектелу керектігін айтты.