Дінімізде сауда
Сұрақ: Кейбір адамдар «Сауда – үшке алған нәрсеңді беске сату. Ал бұл - дінге лайық іс емес» деп жатады. Саудамен айналысу, саудагер болу дұрыс емес пе?
Жауап: Дінімізде сауда да, адал саудагер де мақталған. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Береке – саудада.» (Әбу Дауд)
«Ризықтың тоғызы саудада, біреуі мал шаруашылығында.» (Ибн Саид)
«Жәннатта сауда болғанда, мата саудасын әмір ететін едім, өйткені Әбу Бәкір мата саудагері еді.» (Дәйләми)
«Ең жақсы табыс – қол еңбегімен табылғаны. Сауда да жақсы.» (Хаким)
«Адал саудагер пайғамбарлар, сыддықтар және шәһидтермен бірге.» (Тирмизи)
«Адал саудагер қиямет күні Арштың көлеңкесінде болады.» (Дәйләми)
«Адал саудагерді жәннаттың ешбір есігінде күткізіп қоймайды.» (И.Нәжжар)
«Ең жақсы табыс – саудада өтірік айтпайтын, сөзінен қайтпайтын, сатқанда затын мақтамайтын, алғанда да (арзанға түсіру үшін) жамандамайтын саудагердің табысы.» (Дәйләми)
«Қорқақ саудагер құр қалады, батыл саудагер ризыққа қауышады.» (Кудаи)
«Мына үш адам, қиямет күні қамқорлық көрсетілмейтін кезде, Аллаһтың қамқорлығында болады:
1.Сенімді (адал) саудагер.
2.Әділ басқарушы.
3.Намаз оқу үшін уақыттың кіруін ынтамен күтетін адам.» (Хаким, Дәйләми)