Ата-бабаларымыз қалай мұсылман болды? (1)
Ата-бабаларымыз, яғни осы Орталық Азиядағы түркі халықтары қылыштың күшімен емес, көңіл разылығымен мұсылман болғандары айдан-анық. Өйткені Ислам құқығында адамдарды күштеп исламға кіргізу рұқсат емес. Түркі халықтарының Ислам дінін қабылдауларының бастауы VIII-ші ғасырдың басы еді. Х-шы ғасырдың басында жаппай исламға кіре бастады. Бұл уақыт аралығында мұсылман болғандары кездесетін. Алайда олар көпшілікті құрамайтын. Бұл да түріктердің қылыштың күшімен емес, көңіл разылығымен (түсініп, ықыласпен), өз еркімен исламды қабылдағандықтарын көрсетеді. Бұл кезең түркі халықтары үшін исламды жақыннан тануларына және зерттеулеріне үлкен септігін тигізді. 751 жылы қытай мен арап әскерлерінің арасында өткен Талас шайқасында аталарымыз мұсылмандар тарапында соғысты. Бұл өз кезегінде түркі тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды.
Түркі елдерінің жаңа билеушілерінің діні болған мұсылмандық ең әуелі Мәуеренахр аймағындағы көктүріктер арасында тарала бастады. Уақыт өте келе түркі елі ислам өркениетімен жете танысты. Шалғайда қалған азғантай топтардан өзге түркі халықтары толығымен мұсылмандыққа өтті. Түркілердің исламды қабылдаулары түркі тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылды. Алғаш мұсылман түрік билеушісі ретінде танылған Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы – Сатұқ Боғра хан.
Негізінде Боғра хан алғаш мұсылман түрік билеушісі емес. Алайда хандық (патшалық) сипаты жағынан алғанда Мұсылман болған алғаш түрік билеушісі. Сатұқ Боғра хан Ислам дінімен 25-тен кіші жас шамаларында мұсылман саудагерлер арқылы таныс болады. Олардың көркем мінездері жан дүниесін баурап алады. Кейбір риуаяттар бойынша түсінде пайғамбарымызды көріп өзіне: “Мұсылман болатын уақытың келмеді ме?” деген үндеуінен кейін дереу мұсылман болғаны, Әбділкәрім есімін атанғаны айтылады. 924 жылы хандық таққа отырған Боғра ханның исламға кіруімен түркілердің мыңдаған халқы мұсылман болды.
(Жалғасы ертең...)