Untitled Document

Қай кітапты оқу керек

Ұлы әулиелерден Сәйид Нұр Бәдәуани раһметуллаһи та’ала алейһ, бір шәкірті жанына келгенде:

- Сенен бір жаман иіс шығып тұр,- дейді. Жас жігіт ренжіген халде:
- Кешіресіз ұстаз, бүгін моншаға түстім. Киімдерім де жаңа, әрі таза. Ол иіс ненің иісі болуы мүмкін?
- Білмедім, үстіңе бір қарашы.
Жігіт қалталарына қарап, бір кішкентай кітапты шығарып ұстазына:
- Міне ұстаз! Менде тек мына кітап қана бар,- дейді. Ұстазы кітапты алып ішін қарап. Бұзық кітап екенін түсініп былай деді:
- Әлгі жаман иіс осы кітаптан шығып тұр. Мұны қайдан алдың?
- Бір досым берген еді ұстаз.
- Кез келген дін кітаптарын оқи беруге болмайды. Жақсы кітап хидаятыңа себеп болатынындай, мұндай бұзық кітаптар пәлекетіңе себеп болуы мүмкін.
- Қай кітаптарды оқуым керек ұстаз?
- Тек әһли сүннет ғалымдарының жазған кітаптарын ғана оқы. Өйткені олар тек Аллаһ үшін жазады және Аллаһ үшін сөйлейді.

(Әһли сүннет төрт хақ мазһабтың бірі деген сөз. Бұл төрт мазһаб Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели мазһабтары.)

Қаталдық па, еркіндік пе?

Бала тәрбиесінде шамадан тыс қаталдық та, еркіндік те зиян. Тым қаталдық көрсету баланың пассив, ынжық болуына себеп болады. Жасаған әрбір қылықтарын ұнату да үлкен қате. Бұл, баланы пәлекетке итермелеуден басқа нәрсе емес.