Untitled Document

Сабыр (2)

2) Ғибадат етуге сабыр етіп шыдау бәлеге сабыр етуден қиын болғандықтан сауабы да көбірек болады. Бірнеше мысал келтірейік:

Бір ай аш, сусыз және де басқа қажеттіліктерді тәрк етіп ораза тұту барлық адамға оңай емес. Көп адам бұл сабырды көрсете алмайды.

Дәрет алу, таңертең ұйқыдан оянып тұру, күніне бес уақыт намаз оқу көптеген жалқау адамдарға қиын болып көрінгендіктен олар бұл сабырды көрсете алмауда.

3) Күнә істемеуге сабыр, ғибадат жасауға сабырдан қиынырақ болғандықтан сауабы да көбірек болады. Шәһуат қаншама күшті және күнә істеу қаншама оңай болса, ол күнәларды істемеуге сабыр ету де соншалықты қиын болмақ. Бірнеше мысал келтірейік:

Адам ғибадаттың ауртпалығына сабыр етіп орындауы мүмкін, бірақ күнә істің алдында өзін ұстап тұруы, оған сабыр етуі өте қиын. Мысалы ғайбат айтады (өзгені артынан жамандайды, өсектейді). Көп адам ғайбат күнәсынан құтыла алмайды, яғни тіліне ие болуға сабыр ете алмай ғайбат айтады. Көп адам тәкаппарлықтың үлкен күнә екенін білсе де, өзінің кішіреюіне разылық ете алмайды.

Көптеген әйел намаз, ораза және басқа да ғибадаттарды орындауға сабыр етсе де, орамал киіп, жабық жүруге шыдамдылығы жерпейді. Күнә істемеуге сабыр – осы себепті өте құнды. Бір күнәдан қашу бірнеше ғибадатты орындаудан жоғары тұрады. Хадис шәрифте: «Өте аз бір күнәдан қашу – бүкіл жын мен адамдардың ғибадаттарының жиынтығынан да жақсы.» делінген. Барлық күнә Аллаһу та'алаға қарсы шығушылық болғандықтан бәрі де үлкен болып табылады. Бірақ, кейбірі кейбіріне қарағанда кішкентай болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні істемеу – бүкіл жаһанның нәпіл ғибадаттарынан да астам сауап, өйткені нәпіл ғибадат парыз емес. Күнәлардан қашу болса парыз болып табылады. (Риядун-насихин)

Бұл хадис шәрифте білдірілген жәйтке мән беріп, үлкен-кіші барлық күнәлардан сақ болу керек. Намаз оқымайтын адамның күнәдан сақтануы мүмкін емес дейтіндей дәрежеде қиын. Құран кәрімде дұрыс оқылған намаздың, әртүрлі жамандықтардың, күнәлардың алдын алатыны білдірілген. Намазды дұрыс оқып, күнәлардан сақтануға тырысуымыз керек.