Untitled Document

Сабыр (1)

Сабыр – қайғы-қасіретке шағымданбау деген сөз. Сабыр үш түрлі болады: 1) Келген қиындыққа, бәлеге сабыр. 2) Ғибадат етуге сабыр. 3) Күнә жасамауға сабыр етілсе аяти кәрималарда білдірілген ниғметтерге қауышылады. Хадис шәрифте: «Бәлеге сабыр еткенге 300, ғибадат етуге сабыр еткенге 600, күнә істемеуге сабыр еткенге 900 дәреже ихсан етіледі» делінген. (Әбуш-шәйх)

Бұларды қысқаша түсінідірейік:

1) Адамның басына қиыншылық келуі, ауруға шалдығуы сияқты келеңсіздіктер ол адам үшін қайырлы (жақсы) болуы мүмкін. Аяти кәримада: «Ұнатпаған нәрселерің жақсылықтарыңа, ұнатқандарың жамандықтарыңа болуы мүмкін. Сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі.» делінген. (Бақара 216)
Аллаһу та’ала хадис құдсиде: «Кейбіреулердің иманы тек байлықпен жақсарады. Егер ол кедей болғанда күпірге кірер еді. Кейбіреулер тек кедейлікпен жақсарады, (тура, жақсы жолда болады), егер бай болғанында күпірге түсер еді. Кейбіреулердің иманы тек денінің сау болуымен толығады. Егер ауру болса, күпірге кіретін еді. Кейбіреулердің иманы аурумен толығады. Егер дені сау болғанында күпірге кіретін еді.» деген. (Хатиб)
Басқа түскен бәле мен қиыншылықтар күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Хадис шәрифте: «Аллаһ жолындағы мұсылманның алдынан шыққан әр түрлі мазасыздық, ауру, қиыншылық, қайғы-қасірет тіпті аяғына кірген тікеннің өзі де күнәларының кешірілуіне кәффарат (себеп) болады» делінген. (Бұхари)
Кімде кім дүниедегі ең бай, ең көрікті, ең қуатты адам болса, өмірде қалаған нәрсесінің барлығын істей алса, бірақ соңында имансыз өлсе, мәңгілік азапқа душар болады. Арзымаған бір мезеттік ләззат үшін мәңгі болған пәлекетке түсу не деген жаман.

Хазреті Имам Ғазали былай дейді: “Перғауын төрт жүз жыл өмір сүрген. Бірақ бір рет те басы ауырмаған, мүлдем ыстығы көтерілмеген. Бір рет басы ауырғанында адамдардың өзіне табынуын қалауы ойына да келмес еді.” (К. Сәадәт)

(Жалғасы ертең...)