Алматы метросы
Алматы қаласы метрополитеннің құрылысы 1988 жылы 7 қыркүйекте басталды. Кеңес Одағы ыдыраған кезден бастап метроның құрылысы біраз уақыттар бойы тоқтап қалды. Кейіннен Алматы қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін реттеудің кезек күттірмес мәселе екендігі белгілі болғанындай тоқтап қалған метроның құрылысы қайта жалғасты. Былтыр 2011 жылдың 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алғашқы бөлігінің ашылуы болды. Метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады. Ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұрады (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары таяз орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Гагарин даңғылына және Жароков көшесіне дейін тартылған.
Сіз білесіз бе? - Мұз түтіні
Мұздатқыштан шыққан мұз қалыптарынан түтіндер шығады. Бұл түтіндер қандай да бір газ себебінен пайда болмайды. Бұлар мұздың айналасындағы суыған ауаның тығыздалған су буы. Мұздың айналасындағы ауалар өте қатты суығанда ауада болатын су буларының тығыздалып өте ұсақ су тамшыларын қалыптастырады. Тығыздалған бу ауа ағымының әсерінен қозғалғанында түтін шығып жатқандай көрінеді.