Untitled Document

Кеме қалай жасалды

Нұх алейһиссаламға қорқынышты апаттан бұрын бір кеме жасау бұйырылғанда тақтайларын дайындады. Жәбрейіл алейһиссаламның ескертуімен әр тақтайға бір пайғамбардың мүбәрәк есімін жазды. Бірақ ертеңіне тақтайлардағы есімдердің бәрі өшіп кетті. Бұған көңілі түсті. Кейін есімдерді үш реттен жазып шықты, бірақ ертеңіне тағы өшіп кетті. Бұл сыр келген уаһи арқылы шешілді: «Тақтайлардың біріншісіне менің есімімді, ең соңғысына хабибім Мұхаммед алейһиссаламның есімін жаз, сонда шайтан басқа есімдерді өшіре алмайды!»
Нұх алейһиссалам әмір етілгеніндей етіп орындап кемесін аяқтады. Бірақ төрт тақтай артылып қалған еді. Мұны Жәбрейіл алейһиссаламнан сұрады:

«Йа Жәбрейіл! Бұл төрт тақтайды не істейін?»

Уаһи періштесі сұрақты Хақ та’алаға ұсынды. Және мына хабар келді:

«Ей ұлы пайғамбар! Сол төрт тақтайға соңғы пайғамбарымның төрт халифасының есімдерін жаз! Кеме сол кезде бітеді. Себебі ол төрт адам Ислам дінінің төрт тіреуіші секілді. Ислам діні солармен құрылады және солардың арқасында дүниенің әр тарапына жайылады!» Кеме осы айтылғандай түрде аяқталып жүздірілді. Кемеге мінген адамдар мен жануарлар суға тұншығып өлуден аман қалды.

Сұхбат - Ризық

Аллаһу та’ала әр адамның және барлық жануарлардың ризығын әзелде (шексіз ертеде) тағдыр еткен, бөлген. Адамдар мен жануарлардың ажалдары және демдерінің саны белгілі болғанындай, әр адамның денесі мен рухының ризықтары да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды да, көбеймейді де. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Бір адам Аллаһу та’ала әмір еткені үшін жұмыс істеп, ризығын халал (адал) жолдан іздесе, әзелде белгілі болған ризығына қол жеткізеді. Егер, ризығын Аллаһу та’ала тиым салған жерлерден, харам жолдан іздесе, онда да бөлінген сол белгілі ризыққа қол жеткізеді. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, әрі берекесіз болады.