Untitled Document

Сұхбат - Алтын сөздер (2)

  • Аллаһу та’ала дүниенің пайдасыз және зиянды нәрселеріне құмар болмағандарды жақсы көреді. Ал адамдар, адамдардың қолдарындағыға құмар болмаған және көзін тікпеген кісіні жақсы көреді.
  • Бір жердің тыныштығы кетіп, түсініспеушілігі, араздығы бар болса, міндетті түрде біреуі біреуінің қолындағына көз тіккені үшін. 
  • Кейбір адамдарда жамандық жасау жаратылысында бар. Бұлардан үнемі жамандық шығады. Ондайлар жақсылық жасағанында таң қалу керек.
  • Ешкімге жүк болмау керек. Сахабалардың біреуінің түйеден қамшысы түсіп, төменде адамдар болса да ешкімге айтпай түсіп өздері алатын.
  • Алдын ала шара қолдану, себептерге жабысу, іс жасамас бұрын ақылдасу нәпсіге қиын келеді.
  • Күлімдеп жүру имандықтың белгісі. Қабағын түйіп жүретін мұсылманның имансыз кету қауіпі бар.
  • Аллаһу та’аланың бір құлын жақсы көрмейтіндігінің белгісі – оның үнемі пайдасыз нәрселермен әуре болуы.
  • Сәттілікке, жетістікке жетудің жолы қарапайым болуда. Қарапайым болғанды Аллаһу та’ала көтереді. Ол қарапайым болған сайын одан да биікке көтеріледі. Аллаһу та’ала тәкаппарланғанды төмендетеді.
  • Мұсылманға қабағын түйіп қарау да құл ақысына жатады. Сонымен қатар ғайбат ету, ренжіту және суизан ету де құл ақысы.
  • Кімде-кім Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнбаса, Аллаһты жақсы көремін деп айтуы дұрыс болмайды.
  • Діннен бір мәселе үйрету жүз мың умра сауабынан да қадірлі.
  • Өлімді көп ойлау, өмірді ұзартады, жүректі сергітеді.
  • Дұрыстың таралуы өрге шыққандай болады. Ал жамандықтың таралуы желдей тез болады.
  • Ахыретке пайдасы болмаған барлық нәрсе дүниелік болып есептеледі.
  • Исламға қызмет ету үшін үш шарт бар. Күлімдеп жүру, жылы сөйлеу, жомарт және толық ықыласты болу.
  • Хазреті Әли былай деген: Дүниеде ең жақсы нәрсе дені сау болу. Ең жаман нәрсе басқаларға қол ашу.
  • Дін – әдептілік және қарапайымдылық деген сөз. Кіретін есігі әдептілік, одан кейін қарапайымдылық келеді.