Сұхбат - Алтын сөздер (1)
Әулиелер айтқан ұлағатты сөздер:
- Бүкіл әдемілікпен жақсылық Исламның ішінде. Исламның сыртында ешқандай әдімілік жоқ, болуы мүмкін емес.
- Ескі замандарда адамдардың көрінісі нашар, ішкі дүниесі жайнап жүретін. Ал қазір адамдардың көрінісі жайнап ішкі дүниесі нашарлап кетті. Бүгінгі мұсылманның сыртқы көрінісі де ішкі дүниесі де жайнап жүруі керек.
- Дүние үшін мұнда қалатыныңдай еңбек ет! Ахырет үшін ол жақта мәңгілік қалатыныңдай еңбек ет!
- Аллаһу та’алаға мұқтаждығың мөлшеріндей шүкір ет! Жаһаннам отына шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!
- Мұсылман – ішінде болған күнін соңғы күн, оқыған намазын соңғы намаз, алған демін соңғы дем деп білуі керек және осыған байланысты әрекет етуі керек.
- Хазреті Әбу Бәкір 12 жыл бойы аузына тас салып жүрді, қате немесе кемшілікті сөз айтпау үшін және керексіз сөйлемеу үшін.
- Ең қиын іс – шешімге келу (Таңдау). Аллаһу та’ала дүние істерінде шешімге келмес бұрын ақылдасуды, шешімге келгеннен кейін артқа қайтпауды әмір еткен.
- Лұқман Хакимнің ұлына көп жылдап айтқан насихаты: “Екі нәрсе бар, бұларды ешқашан есіңнен шығарма! Хақ та’аланы және өлімді. Тағы екі нәрсе бар, бұларды мүлдем есіңе алма! Жасаған жақсылықтарыңды және саған жасалған жамандықтарды.”
- Адамдар төрт түрлі болады; 1- Жақсылықты білмейтіндер; Шүкір етпейді, шағымданады, үнемі сұрайды. 2- Ниғметке шүкір етеді. Қиыншылықтарға сабыр етпейді, шағымданады. 3- Ниғметтерге шүкір етеді. Қиыншылықтарға да төзеді. 4- Қиыншылықпен бәлелер ниғметтен де тәтті келеді. Сахабалар осындай еді.
- Тәкаппарлықпен күпір арасында өте жұқа бір перде бар. Тәкаппарлықтан бір қадам ары күпір тұрады! Кім тәкаппар болса ол ақымақ деген сөз. Әлсіз адам тәкаппар болады. Адамды екі нәрсе құртады; шәхуат (құмарлық) және тәкаппарлық.
- Адамдарға алғыс, рахмет айтпаған, Аллаһу та’алаға да шүкір етпеген болады.