Денсаулық - Қызанақ
Қызанақта көп мөлшерде С витамині бар. Сонымен қатар каротин, витамин В1 және витамин Е және тағы басқа да маңызды витаминдер бар. Көп мөлшерде минералдар да табылады. Сондай-ақ жүрек және қан тамырларында бұзылған қызметтерді жақсартатын, атауы әлі анықталмаған бір элемент бар. Күретамырлардың қызметтерінің бұзылуына қарсы ең жақсы шара – қызанақ.
Қызанақ қан қысымын, яғни температураны түсіреді және асқазан секреция бездерін маңызды мөлшерде арттырады. Асқазан секрециясының азаюына және асқазан асты безі секрециясының бұзылуына қарсы шипалы. Іш қатуды жұмсатып кетіреді. Геморрой ауруына шалдыққандар, жүйелі түрде қызанақ диетасын жасап бұл аурудан құтылуда. Подагра және ревматизм ауруына шалдыққандар үшін қызанақ диетасы әсерлі түрде жасалуда. Жүрек және бауыры ауыратындар да қызанақ диетасымен едәуір мөлшерде жазылуда.
Шайқалған шіркеу
Мұхаммед алейһиссалам 7 жасар кезінде көз ауруына шалдығады. Қанша шара қолданса да, пайдасы болмайды. Біреулер: «Указ жәрмеңкесінде бір поп бар, көзге дәрілер дайындайды» деп айтады.
бдулмутталиб хазреті Мұхаммед алейһиссаламды сол попқа алып барады. Айтқан шіркеуіне барғанында есігі жабық болады. Айғайлап шақырады, алайда ешкім жауап бермейді. Кейін расулуллаһпен төменге түседі. Сол кезде шіркеу сілкіне бастайды. Абдулмутталиб: «Шіркеу үстімізге құлап кетпесін» деп қорқып кетеді.
Әлгі поп жүгіріп келіп: «Ей Абдулмутталиб! Мынау хақ нәрсе, бұл бала осы үмметтің пайғамбары. Егер сыртқа шықпағанымда, мына шіркеу үстіме құлайтын еді» дейді. Көз ауруына дайындаған дәрілерін беріп, «Бұл баланы жақсылап қорға, өйткені кейбіреулер бұған зиян тигізуі мүмкін» дейді.