Untitled Document

Жаңа балықты қалай білуге болады?

• Жаңа балықтан теңіз балдырының иісі шығып тұрады.
• Жаңа балықтың еті тығыз және бейімделгіш болып, саусақпен басқанда қайтадан орнына келеді.
• Қабыршақты балықтардың қабыршақтары денесіне жабысып тұрады.
• Ауызы әрең ашылады.
• Желбезектері жылтырап және қызыл болып тұрады.
• Кішкене балықтарды алақанға қойғанда басы мен құйрығы салбырап тұрса ол ескі балық болғаны. Жаңа балықтың көздері жанып тұрады, мөлдір және сыртқа шығыңқы болады.
• Жаңа балықтың терісі ылғал, жылтыр болады.
• Балық ескіргенде қылтықтары етінен оңай алынады.

Бос болып көрінген қағаз

Сәйид Ахмет Рифаи хазреттеріне қайғылы, мұңды, мұқтаж адамдар келіп, одан дұға етуін сұрайтын. Ол да келген адамдарға, сия қолданбай саусағымен қағазға бірдеңелер жазып беретін еді. Аллаһу та’аланың рұқсатымен қажеттіліктері орындалатын. Бір күні біреу Рифаи хазреттеріне дұға етуін сұрап келеді. Оған да бір параққа саусағымен жазып береді. Арадан біраз уақыт өткен соң әлгі адам Сәйид хазреттерін сынап көру үшін дәл сол парақты алып келіп, «Ұстаз, мына қағазға бір дұға жазып бересіз бе?» дейді. Рифаи хазреттері: «Бұл қағазға алдын бір рет жазылған. Тағы бір рет жазатын болсақ, жазулар бір-бірімен араласып, оқылмай қалады.» деп жауап береді.