Untitled Document

Ұйқы тынық болуы үшін

»Кешкі ас ауыр болмауы керек.
» Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек.
» Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек.
» Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек.
» Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек.
» Бегілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек.
» Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдын болмауы керек.
» Жатудан бұрын дене және ақыл белсенділігін азайту керек.
» Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек.
» Спиртті ішімдік, ұйқы үшін шара емес, ешқашан қолданбау керек.

Дұрыс өлшеді ме?

Бір ауылда көре алмаушылық етуімен, қырсықтығымен танымал болған біреу бар екен. Әр нәрсеге қарсы шығып, наразылық білдіреді екен. Ауылдағы адамдарға көмектескенді жақсы көретін бір бай кісі, кедейлерді тамаққа шақырады. Жеп, ішіп болғаннан кейін: «Әр қайсысыңа бір-бір қап 40 келілік бидай дайындап қойдым. Мына жұтшылық, тапшылық заманда оларды үйлеріңе апарып, бала-шағаларыңмен азық етіңдер!» дейді.

Кедейлер қаптарын арқалап кетер кезде үй иесіне алғыстарын айтып, игі дұға етеді. Ал әлгі қырсық былай дейді:

«Көреміз әлі, бидайларды дұрыс өлшеп салды ма екен?»