Алма пирогы
Қажетті заттар: Маргарин – 200 гр, Сұйық май – 100 гр, Қант – 200 гр, Жұмыртқа – 1 дана, Қаймақ (немесе айран) – 2 ас қасық, Разрихитель – 1 пачка.
Дайындау әдісі: Осы заттардың барлығын араластырып, ұн қосып қолға жабыспайтындай болғанша илейміз.Пеш табасына май жағып, қамырды бір тегіс етіп саламыз. Және осы қамырдан жұдырықтай бөлігін алып қалып, оған ұн қосып қатты етіп илейміз. 3 дана алманы үккішден өткізіп қант қосып пісіреміз.Осы піскен алманы (джемді) табақшадағы қамыр бетіне бір келкі етіп жағамыз. Содан соң бетіне қатты етіп иленген қамыр бөлігін үккіштен өткізіп себеміз. Пешке салып, 200 С (градуста) пісіреміз (шамамен 20-30 минут).
Сұхбат - Ә’узу-бисмилләһ
Ә’узу-дің толығы «Ә’узу биллаһи минәшшайтанирражим», бисмилләһ-тің толығы «Бисмилләһиррахманиррахим» деген сөз. Абдуллаһ ибн Аббас радиаллаһу анһ айтады: «Расулуллаһ былай деген: «Құран кәрімге құрмет көрсету, Ә’узу оқып бастаумен болады және Құран кәрімнің кілті Бисмилләһ.»
Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уәсәлләм: «Ұстаз шәкіртіне Бисмилләһ оқып, шәкірті де оны қайталаған кезде Аллаһу та’ала баланың анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады» деген.
Абдуллаһ ибн Мәсуд радиаллаһу анһ былай деген: «Жаһаннамда азаптайтын он тоғыз періштеден құтылғысы келген адам Бисмилләһ айтсын! Бисмилләһ онтоғыз әріптен тұрады»
Ләуһ-ул маһфузда алғаш жазылған сөз Бисмилләһ. Адам алейһиссаламға алғаш келген сөз Бисмилләһ.
Мүминдер Бисмилләһтың арқасында Сырат көпірінен өтеді. Жаннатқа шақырылға қағазға Бисмилләһ жазылған.