Әкенің қызықты тәжірибесі (1)
Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. Бірінші ыдысқа бір дана сәбіз, екінші ыдысқа бір дана жұмыртқа, ал үшіншісіне бір уыс ұсақталмаған кофе дәндерін салады. Және үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын өшіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып бір ыдысқа салады. Кейін әбден піскен жұмыртқаны алып екінші ыдысқа салады. Және ең соңында суға жақсылап сіңген және бабына келген кофені алып бір стаканға құяды.
Әкесі қызынан: «Қызым не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» деп жауап береді. Кейін қызының қолынан ұстап үстелдің жанына апарып, жақынырақ тұрып көрсетеді. Сол кезде қызы: «Не көрем басқа, жұмсақ піскен бір сәбіз (бір шанышқымен батырып жұмсақтығын байқап көреді), ал мынау піскені соншалық, іші қатып қалған жұмыртқа (жұмыртқаны қолына алып ұстап көреді, тіпті үстелге ұрып, жарып та көреді) және бір стакан кофе көріп тұрмын (ішіп көріп) дәмі өте күшті. Әке, мұны маған не үшін көрсетіп жатырсыз?» деп сұрайды.
(Жалғасы ертең...)