Ораза тұтқан кісіге мәкрух болған нәрселер
Сұрақ: Аузы берік адамға мәкрух болатын және болмайтын нәрселерді жазасыз ба?
ЖАУАП:
Аузы берік адамға мәкрух болған нәрселер:
1- Тісті тіс пастасымен тазалау.
2- Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух болады. Егер ауыздағы жара, намазда тұрғанда оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды. Өйткені, үзірі бар болып есептеледі.
3- Жүнүп болу ықтималдығы бар бола тұра әйелін сүю.
4- Рамазан күні укол салдыру, өз қалауымен ауыз толтыра құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің хайзы тоқтаса, кешке дейін аузы берік адамға ұқсап жеп-ішуден тыйылулары керек. Жеп-ішулері мәкрух болады.
Аузы берік адамға мәкрух болмаған жайттар:
1- Түнде жүнүп болып сәресіге тұрғанында, имсак уақытына аз уақыт қалса, әуелі аузын шайып тамақ жесе, имсак уақыты шыққаннан кейін ғұсыл алса, яғни оразаға жүнүп болып бастаса сахих болады. Кейінірек ғұсыл алуы жаиз болады.
2- Оразам бұзылып қалса кәффарат болмасын деген оймен, оразаға имсак уақыты өткеннен кейін ниет ету жаиз болады.
3- Рамазанда құптаннан кейін әйелімен қосылса, кеш ұйықтап кейінірек ғұсыл аламыз десе, оянғандарында күн шығып кеткен болса, оразаларына зияны болмайды, бірақ, намаз оқу үшін алғашқы мүмкіндікте жуыну керек.
4- Оразаны толық ұстау үшін хайзды дәрімен кешіктіру жаиз.
5- Ораза кезінде хайзы басталған әйел аузы берік адам ұқсап жүрмесе де болады, ішіп-жей алады.
Жастарымыз
Соңғы 20-25 жылдарда балаларға «Қойшы әйтеуір осылар еркін болсын, басқалардан кем болмасын. Ешнәрседен махрұм қалмасын, ешкімнен қысым көрмесін, қиыншылық көрмесін» деп менмендікке, мейірімсіздікке, бейнетсіз келген байлыққа итермеленді. Бар мүмкіндігінше мейіріммен жетілген бұл балаларға ақша керек болса ақша, машина керек болса машина, не қаласа сол берілді. Балалар рахаттыққа, жеңілдікке, ақшаға, молшылыққа үйренді. Сол себепті оларда құрметтеу, мейірімділік ету, қорғау, көмектесу деген сезімдері дамымады. Өйткені жас кезінен бері алуға әдеттенген, беруге үйренбегенді. Тек қана артықшылық сезімі, тәкаппарлық, үлкендерді елемеу, кәрілерді, әлсіздерді келемеждеу... сияқты біздің ұрпақтың кешіре алмайтын мінез түрлері пайда болды. Олардың тест емтиханындай жетістікке жеткен тағы басқа бір нәрсе бар. Ол, ұрандармен өмір сүру, ұрандармен сөйлеу... Құйма ілімдермен жетілген бұл балалар жылыжайда жасанды тыңайтқыштармен, гармондармен өскен жеміс іспеттес, түссіз, дәмсіз, иіссіз қалды...
Демек бұл жастарға ақша да, сәнділік те, жоғары білім де, әртүрлі мүмкіндіктер берілді, бірақ жақсы көру, кұрметтеу, әдептілік, басқалардың жағдайын ойлау, көмектесу, ынтымақтасу сезімдері берілмеді. Оларға осындай үлкен бір менмендікті сыйлаған отбасылар, қазір өз балалары тарапынан шеттелу трагедиясына тап болуда.