Untitled Document

Оразаны бұзатын нәрселер

 

  • Қателесіп бұзу.
  • Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.
  • Зорлап бұздыру.
  • Мұрынға сұйық дәрі құю.
  • Мұрнына иіссу жағу.
  • Муқим кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.
  • Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу
  • Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
  • Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.
  • Денеге инемен (укол) дәрі егу.
  • Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.
  • Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.
  • Сәре уақытының біткенін білмей жеп-ішу.
  • Күн батты деп ойлап ауыз ашу.
  • Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.
  • Ауырған тісін укол салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек.
  • Дәрет алғанда аузына су кету.
  • Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.
  • Ұйықтап жатқанда аузына су құю.
  • Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.
  • Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қазасын тұтып береді.