Оразаның парыздары
Бір ғибадатты жасаған кезде ол ғибадаттың парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін, мәкрухтарын және муфсидтерін, яғни бұзатын себептерін білу керек. Бұларды білмесе жасаған ғибадаты дұрыс болмайды. Сондықтан да оразаның парыздарын, мәкрухтарын және муфсидтерін, яғни оразаны бұзатын және бұзбайтын себептерді жақсылап үйреніп алу қажет. Оразаны бұзбайтын, бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де сақтану керек.
Оразаның парызы үш:
- Ниет ету.
- Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
- Таңнан күн батқанша оразаны бұзатын нәрселерден сақтану.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Бес нәрсе оразаның сауабын жояды: Өтірік айту, сөз тасу, ғайбат, басқа әйелге құмарлықпен қарау және жалған ант ішу».
«Бір адам рамазан айында ораза тұтуды парыз деп біліп, оразаның сауабын Аллаһу та’аладан күтсе, өткен күнәлары кешіріледі».
Демек, оразаның Аллаһтың бұйрығы екендігіне сену және сауап күту қажет.
ORUÇ AÇARKEN
Sual: Orucu hangi gıda ile açmak gerekir?
CEVAP
Sünnet olan hurmayla, su veya sütle açmaktır. Bunlar da yoksa meyve veya sebzeyle açılabilir. Mesela zeytinle açılır. Ateşte pişmiş şeyle, mesela ekmekle, çayla, çorbayla açmamalı. Bir hadis-i şerif meali şöyledir:
(İftarı hurmayla açın, zira o berekettir. Şayet hurma bulamazsa suyla iftar edin, çünkü o temizleyicidir.) [İ. Mace]
Bu konudaki diğer hadis-i şeriflerden üçü de şöyledir:
(Peygamber efendimiz, taze hurmayla iftar ederdi. Taze hurma yoksa kuru hurmayla, o da yoksa suyla iftar ederdi.) [Tirmizî]
(Peygamber efendimiz iftarını sütle de açardı.) [Dâre Kutnî]
(Peygamber efendimiz, üç hurmayla veya ateş dokunmamış bir şeyle iftar ederdi.) [Ebu Ya’la]
Ауыз ашарда
Сұрақ: Оразада ауызды немен ашу керек?
Жауап: Сүннет болғаны құрма, су немесе сүтпен ашу. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Хадис шәрифте: «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.» делінген. (Ибн Мажә)
Осы тақырыпта тағы да үш хадис шәриф:
«Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)
«Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)
«Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)