Untitled Document

Аурулардың ораза тұтуы


Сұрақ: Қандайда бір ауруы болған кісілердің «Денсаулығым жарамайды» деп ораза тұтпауына бола ма?
Жауап: Оразаның көптеген ауруларға пайдалы екендігі медицина мамандары тарапынан айтылып жатыр. Хадис шәрифте: «Әрбір нәрсенің зекеті болады. Ал дененің зекеті ораза тұту.» делінген. (Бәйһақи)
Зекет берген кісі мал-мүлкін кірден тазалап, қауіптен қорғағаны секілді ораза тұтқан адам да денесін аурулардан қорғаған болады. Бір хадис шәрифте: «Денсаулыққа қауышу үшін ораза тұтыңдар!» деп бұйрылған. (Табарани)
Асқазаны немесе басқа бір органы ауру болған кейбір адамдар «асқазаным жарамайды, денсаулығым көтермейді» деп сылтауратып ораза тұтпай жүреді. Бұл дұрыс емес. Ораза тұтудың оған пайдалы не зиянды екенін нақты біле алмаған адам салих, яғни бес уақыт намаз оқитын маман бір доктордан сұрайды. Сондай доктор егер «Ораза тұту саған зиян болады» десе, оразасын қазаға қалдырады. Бірақ салих болмаған, бейнамаз доктордың айтқанына қаралмайды. Күнімен мәлім уақыттарда спрей, таблетка секілді дәрі қолданып жүретін кісілер де доктордың кеңесімен дәрі қабылдайтын уақыттарын ауыз бекітетін және ашатын уақыттарға сәйкестендіріп алып, оразасын тұтады. Ораза ұстауға кедергі болатын аурулардың түрі өте аз. Сондықтан салих доктордан сұрамай, оразаны қазаға тастамау керек!

Қалай ораза тұтамыз?

Құрметті оқырман!

Ораза айының жақындауына байланысты күнтізбемізден қалай пайдалану керектігі жөнінде екі ауыз тоқталып кетейік. Ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Яғни «Имсак» сағаты сол күннің ауыз бекіту уақытын көрсетеді. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішу мүмкін. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 20 минут өткен соң басталады. Ауызашар немесе ифтар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттармен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.