Денсаулық - Темекіні тастайтындарға кеңестер
Дәрігер мамандар және психологтар темекінің адамның денсаулығына беретін зияндары туралы және ерік-жігерді кісендейтін зиянды әдет екенін білдіре келе, Рамазан айы темекіні тастауға ең қолайлы уақыт екенін ескертіп, темекіге тұтылған барлық адамдардың осы мүмкіндікті пайдаланып бұл зиянды әдеттерінен арылуға шақыруда. Психологтар да темекіні тастау ниеті бар адамдардың мұны бірден жасауын ұсынып, жасалған зерттеулерден темекіні бірден тастаудың оңайырақ болатынын білдірген. Темекіні тастау үшін, мамандардың дәлелдеген мына нәрселерге мән беру керек:
♦ Темекіні тастауға үзілді-кесілді, нақты шешім қабылдаңдар, өздеріңе сеніңдер, күш-жігерлеріңді соңына дейін қолданыңдар.
♦ Темекіні тастау кезеңінде темекі шегетін және темекіге тартатын достардан және олармен бірге болатын орталардан алыс болыңдар.
♦ Темекіні еске түсіретін күл сауыт, темекі құтысы, сіріңке және сол сияқты нәрселерді көзден алыс ұстаңдар!
♦ Темекі шегу қалауын оятатын жейтін және ішетін нәрселерден алыс болыңдар.
♦ Стресс және психологиялық дағдарысқа ұшырататын талас-тартыстардан ұзақ тұрыңдар. Бұл тұрғыда ораза да қолдау болады.
♦ Темекі шегу ұсыныстарын сыпайы түрде қайтарыңдар! «Бір дана темекі ештеңе етпейді» деген сөздерге ешқашан алданбаңдар.
♦ Мүмкін болса бірнеше достарыңызбен бірге тастаңдар.
♦ Темекіні тастағаннан кейін әр өткен күні денсаулықтарыңа зиян бермейтіндеріңді, керісінше пайда әкелетіндеріңді ойлап өздеріңе болған сенімді нығайтуларың керек.
♦ Жұмыс істегенде, демалғанда, тамақ жеген кезде және саяхатқа шыққан кезде темекі шегілмейтін жерлерді таңдаңдар!
♦ Әр мүмкіндікте дұға етіп Аллаһтан көмек сұраңдар!