Untitled Document

Ораза, бұрыңғы үмбеттердің бәрінде бар еді

Көп адамдар қазіргі таңдағы басқа діндегі адамдарға қарап, оразаны тек мұсылмандыққа ғана тән ғибадат деп ойлайды. Негізінде алдыңғы діндердің барлығында ораза бар еді. Тек шарттары мен түрі басқаша еді. Құран кәрімде оразаның алдыңғы үмметтерге де парыз етілгені түсіндіріледі. Сүйікі пайғамбарымыз кітапты кәпірлермен (христиан, яһудилермен) мұсылмандардың оразасы арасындағы айырмашылықтың сәре уақыты екенін айтады. Қазіргі таңда олардың діндерінің бұзылуымен қоса оразалары да өгерістерге ұшыраған.

Тәуратта хазреті Мұсаның Тур тауында болған кезде 40 күн ораза тұтқаны жазылған. Хазреті Дауд та басына келген қиыншылықтар себебінен ораза тұтқан еді. Қауымын Парсы патшасының зұлымынан құтқармақшы болған яһуди қызы Эстер, олардың үш күн ораза ұстауларын қалаған еді. Эстер оразасы деген осы ораза. Яһудилік дінінде хазреті Мұса Тур тауында болған кезінде, алтыннан бұзау жасап табынғандарына кәффарат ретінде йом кипур (йәума кәфара) оразасы, сонымен қатар жылдың басы болған 10 Тишри күні (қазан айының соңы) ораза тұтылады. Бұдан өзге де біршама үлкен, кіші деп аталатын ораза күндері бар. Бірақ қазір оразалары мал етін жемеу секілді шектеулермен диета халіне өткен.

Інжілде ораза туралы айтылады, бірақ қалай тұтылуы керек туралы егжей-тегжейлі айтылмайды. Хазреті Иса ібіліс тарапынан сыналу үшін шөлде қалғанында қырық күн ораза тұтқан. Алғашқы христиандар ораза тұтатын еді. Риуаят бойынша оразаның ыстық күндерге тура келген бір уақытында христиандар шыдай алмай оразаны қысқа қалдырған еді. Кейін жұқпалы ауруға шалдыққан соң мұның жаза екенін ойлап, тағы он күн қосып көктемге қалдырғаны айтылады. Соңында оразалары өзгертіліп, диетаға ауыстырылған. Қазіргі таңда христиандардың, хазреті Исаның шөлде тұтқан оразасының естелігі ретінде 21-наурыздан кейінгі, айдың толған кезіне тура келетін алғашқы жексенбі күні яғни пасхаға дейін бітетін 40 күндік оразалары бар. Бұны «Үлкен диета» деп атайды. Жексенбі күндері ораза тұтылмағаны үшін барлығы 34 күн. Пасха күні, хазреті Исаның көкке көтерілгенін еске алатын күн. Ол кезде күнделікті жеп жүрген тамақтың үштен екі бөлімі желінеді. Балықтан басқа, жануарлардың еті желінбейді. Король И.Жеймс заманында парламент, теңіз саудасын қолдау мақсатымен шығарған шешімімен диета күндерінде балықтың женілуіне рұқсат берген еді.