Untitled Document

Аллаһу та’аланы тану

Аллаһу та’аланы тану - Оның бір екенін, теңдесі жоқ және ешкімнен туылмағанын, Оның ұқсасы, серігі, көмекшісі, және қолдаушысы жоқ екенін шек-шүбәсыз, күмәнсіз білу, сену деген сөз. Аллаһу та’ала дене емес, сезім мүшелермен сезілмейді. Аллаһу та’аланың затының (болмысының) ақиқаты ақылмен түсінілмейді, яғни қандай екенін ешкім білмейді. Өйткені ақыл, кейіннен жаратылған. Ал Ол әзәли (шексіз ертеден) бар. Әрқашан, үнемі, мәңгі бар болады. Кейіннен жаратылған нәрсе, әзәли бар болғанды түсіне алмайды. Сол себепті сүйікті пайғамбарымыз «Аллаһу та’аланың ниғметтерін ойлаңдар, бірақ заты (болмысы, өзі) туралы ойламаңдар» - деген. Оның ниғметтерін ойлаумен, құл Оған шүкір еткен болады. Сондай-ақ Аллаһу та’аланың затын (қандай екенін) ойламаумен, ақыл мен иман сақталған болады. Өйткені Аллаһу та’аланың затын ойлап түсіну, Аллаһтан басқаға мүмкін емес. Оның қандай екені білінбейтін және еш нәрсеге ұқсамайтын затын (болмысын) ойлау да мүмкін емес. Аллаһу та’аланы еш нәрсеге ұқсамайды, ақылмен мүлдем түсінілмейді деп білу керек. Ол ойға, қиялға келетін ешбір нәрсеге ұқсамайды. Тек, Құран кәрiмде баяндалған сипаттарын, есiмдерiн жаттап, ұлылығына жүрекпен сенiп, тiлмен айту керек. Барлық сипаттары мен есiмдерiнiң бастамасы да, соңы да жоқ. Заты ешбiр жерде тұрмағандығы iспеттi, біз бiлетін алты жақта болудан да пәк. Яғни алда, артта, оңда, солда, төбеде, төменде емес. Ол әр жерде үнемi дайын және үнемi көрiп тұр деп айтуға болады. Аллаһу та’аланың сипаттары он төрт. Алтауына заттық сипат, сегiзiне субути сипат делiнедi. Бұлардың мағыналарын бiлiп, жаттап алу қажет.