Untitled Document

Күннің тарихы - Насриддин Қожа (Қожанасыр)

22 маусым 1284 жылы қайтыс болған Насриддин Қожаның кесенесі Ақшехирде. Қабірі әлі күнге дейін мұсылмандардың зиярат орындарынан болып есептеледі. Қазақстанда Қожанасыр деген атпен танымал болған бұл кісі жайғана ойдан шығарылған кейіпкер емес. Насриддин Қожа - адамдарға тура жолды көрсетумен өмірін өткізген, нақыл мен даналыққа толы насихаттар жүргізген адам. Өзі әулие, ғалым адам болған. Оның сөздері ауыздан-ауызға өтіп, қазірге дейін сақталған. Оған тағылған дінге, адамгершілікке және этикаға жат әзіл әңгімелер оның сөздері емес. Насриддин Оның хикаялары және қызықты әңгімелерінің таралғаны соншалық, шығыс Түркістаннан Балкандарға дейінгі халықтар ауыз әдебиетінен орын алған. Қожа түркиядағы Сиврихисардың Хорту ауылында туылып, 1284 жылы 22 маусымда Ақшехирде қайтыс болған. (Бір аңызда Бұхарада туылғаны туралы да айтылған.)

Ішті күйдіреді

Қожанасыр бір танысының үйіне қонаққа барады. Үйдің иесі тұрып қалған нан мен бір табақ бал алып келеді. Қожанасыр, қатқан нанға тісі өтпегеннен кейін, балды қасықпен алып жей бастайды. Оны көрген сараң үй иесінің көзі шыға жаздап:

- Ойбай абайлаңыз! Бал нансыз желінетін болса адамның ішін күйдіріп жібереді,- дейді.
Қожанасыр балды жеп бітірген соң:
- Кімнің іші күйіп жатқанын бір құдай біледі,- деген екен.