Сұхбат - Жоғалған нәрсені табу үшін дұға
Жоғалған, ұрланған нәрсені табу үшін күнде жиырма бес рет: «Йа жами'аннаси лийәумин ла райбә фиһи инналлаһә ла йухлифул ми'ад ижма' бәйни уә бәйнә...» дұғасын оқу керек. Тапқанға дейін оқу керек. Дұғаның соңындағы көп нүктенің орнына жоғалған нәрсенің атын айту керек. (Ибн Абидин)
Тағы бір дұға: Бір нәрсесі жоғалған, ұрланған адам күнде екі рәкат намаз оқып, сәлемнен кейін "Аллаһуммә йа Хади уә йа Раддәд-далләти, әрдид аләййа далләти би-иззатикә уә султаникә фә-иннәһа мин фадликә уә атаикә" дұғасын оқуы керек. (Бостанул-арифин)
Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Риуаят бойынша Сахабалардан және Табииндерден бір топ адам бір нәрсе жоғалтқанда Духа сүресін оқып, жоғалтқан нәрселерін табатын.»
Күн Шаян шоқжұлдызында
Бүгін 21 маусым. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіріп, жаз маусымы басталды. Жаз маусымы 94 күнге созылып, 22-қыркүйекте аяқталады. Күн бұл шоқжұлдызда 31 күн болады және 22-шілдеде Арыстан шоқжұлдызына кіреді.
Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.
Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.
Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. Алайда Шоқжұлдыздарға қарап бал ашу және оған сену қате нәрсе.