Untitled Document

Әйелдің күйеуіне қызметі

Әйелдің күйеуіне қызмет етуі, оның ризалығын алуы ғибадат болып табылады. Оның жаннатқа кіруіне себепші болады. Әйелдің мойнында күйеудің ақысы көп. Сондықтан сүйікті пайғамбарымыз:«Егер маған, адамның басқа адамға сәжде етілуі әмір етілгенде, әйелдердің күйеулеріне сәжде етуін әмір етер едім. Өйткені күйеудің әйеліндегі ақысы өте үлкен» деген. Олай болса, әйел күйеуінің әміріне және сөздеріне мойынсұнуы керек. Хақ та’аланың разылығына осы жолмен қауышуы керек.

Әйелдің үй жұмыстарын істеуі күйеуіне сыйы және ихсаны (жақсылығы). Өте үлкен сауап. Әйел бұл ихсанды аямауы керек, күйеуі де әйеліне напақадан көбірек ихсан етуі керек. Аллаһу та’ала ихсан ететіндерді жақсы көреді. Сүйікті пайғамбарымыздың заманынан бүгінгі күнге дейін мұсылман әйелдер күйеулеріне осы ихсандарды жасаған. Әйелдің екі міндеті бар: Өзін күйеуіне тапсыруы және үйден рұқсатсыз, оранбай көшеге шықпай, күйеуінің әмірлерін орындауы.

Дінімізде әйелдің жұмыс істеуі, ақша табуы парыз емес. Еркек әйелді далада, завод-фабрикада және басқа да жерлерде жұмыс істеуіне мәжбүрлей алмайды. Әйел өзі қаласа және күйеуі рұқсат берсе намахрем (бөтен) еркектермен аралас болмаған, әйелдерге тән жұмыстарда істей алады. Бірақ әйелдің тапқан ақшасы өзінікі болады. Еркек оның тапқан ақшасын мәжбүрлеп ала алмайды.

Күйеуіне жақсы қызмет еткен және оны разы еткен әйелдің жаннаттағы дәрежесі жоғары болып, Аллаһу та’аланың разылығына қауышады. Хадис шәрифте былай делінген: «Бес уақыт намазын оқыған, малының зекетін берген, рамазан айында ораза тұтқан, күйеуінің күнә болмаған әмірлерін орындаған және денесін бөтен еркектерге көрсетуден сақтанған әйел жаннатқа қалаған есігінен кіреді.»