Құтылған әйел
Хазреті Айша анамыз мына бір оқиғаны айтып береді:
«Түсімде қияметті көрдім, құлдардың амалдары таразыға тартылып жатқан екен. Бір әйелдің амалдарын таразыға тартқан еді, Ухуд тауынан да көп болды. Сосын «Бұл әйел Зафират-ул-Адуиа» деген дауысты естідім. Оянғаннан кейін оны іздеп барсам қағбаны тауаф етіп жатқан екен. Оған:
- Мүминдердің анасы сені іздеп жатыр еді, - деп хабар берілді.
- Қазір, тауафымды бітіріп барамын,- деді. Тауаф етіп болып келді, Айша анамыз оған:
- Сауабы Ухуд тауынан да көп болатындай қандай амал істеген едің?- деп сұрайды.
- Үйіме келіп бір нәрсе сұраған адамдардың ешқайсысын бос қайтарған емеспін және әр пісірген тамағымнан міндетті түрде жетімге де беретінмін. Және үшіншсі, муәззин әр азан айтқанда, мен де артынан қайталайтынмын, сосын намаз оқитынмын, - деді. Хазреті Айша Сыддықа былай деді:
- Қағбаның раббысы болған Аллаһқа ант етемін, сен құтылыпсың және сен сияқты өмір сүргендер де құтылды.
Сұхбат - Жақсы мінез-құлық
1) Жақсы адамдармен, жақсы достармен бірге болу арқылы. Уақыт өтуімен, олардың жақсы мінез-құлықтары өзіне өткенін, өзінің мінез-құлқына айналғанынан хабары да болмайды.
2) Жақсы істерді істеуге өзін мәжбүрлеу немесе басқалар тарапынан мәжбүрлену арқылы қол жеткізіледі. Жақсы істерді істей беріп уақыт өте келе бұлар әдетке айналады.
3) Адам, жаратылыс табиғатында жақсы мінез-құлыққа ие. Бұл Аллаһу та’аланың бізге берген ихсаны және игілігі. Бұл мінез-құлық кейіннен пайда болмаған. Осындай жаратылыстан жақсы мінез құлыққа ие болған адамдар аз кездеседі.