Денсаулық - Қияр
Қиярда күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолик қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш...
* Бас ауруынан құтылу үшін, бір неше тілім желінеді.
* Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр жеу, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.
* Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.
* Ауыздағы жаман иісті кетіру үшін, бір тілімі тіл мен таңдайдың арасына 30 секундқа қойылады.
* Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.
* Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.
* Құрт-құмырсқаға қарсы: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағаз(фольга) немесе топыраққа қою керек.
Нью-Йорк таймс газеті
Мақталуды жақсы көру
Көңіл ауруларының бірі мақталу, мадақталуды жақсы көру. Мұның себебі, адам өзін бәрінен жақсы, үстем, дәрежесін жоғары деп ойлауы. Мақталу, мұндай адамдарға жағымды болып келеді. Мұның шынайы үстемдік, жақсылық емес екенін ойлау керек. Өзін басқалардан жоғары деп санаған адам, тәкаппарлық қауіпіне түсуі мүмкін. Тәкаппарлық өте жаман ауру. Тәкаппар адамға қарапайымдылық көрсеткен адам, өзіне зұлым еткен болады. Соғыста дұшпанға қарсы тәкаппарлық ету сауап болып табылады. Өзін көрсетіп, рия еткен адамға тәкаппар болып көріну жаиз.