Эволюция теориясы (2)
1922 жылы “Плиоцен” дәуіріне жататын бір азу тіс табылды. Эволюция теориясының жақтастары дереу мұны алғаш адамға тән тіс деп жариялады. Бір азу тіспен шабыттанып “Небраска адамы жұбайымен” деп атап қияли суреттер де салып жібереді. Америка және ағылшын баспасөз құралдарында осы туралы қаншама күн мақалалар жазылды. Соңында бұл тіс доңыздың тісі екендігі анықталды.
Жарты бас сүйек, жамбас сүйегі және үш азу тіс бөлек бөлек жерлерде табылады. Бұлардың бәрін бірге қосып атын “Ява адамы” деп атайды. Бұған орай профессор Дуане Гиш былай дейді: «Ява адамы дегендері негізінде маймыл. Маймылдың бас сүйегімен адамның жамбас сүйегін бірлестіріп атын Ява адамы деп шығарған.»
Бұл сүйектерді тауып атын Ява адамы деп қойған мистер Дубойс өлімінен алдын шындықты жариялады. «Ява адамы деп атаған сүйектерім шындығында гиббон маймылы еді» дейді.
Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы. Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда.
Сонымен қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған? Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде.
Қорыта айтқанда дін дұшпандары мұсылмандардың балаларын азғыру үшін ғалым кейпіне кіріп, «Адамдар маймылдан жаралған. Дарвин осылай деген» деп қаншама өтірік айтса да сөздерінің негізі жоқ. Адамдардың түрі, дене бітімі маймылға ұқсаса да адам бәрібір адам. Өйткені оның рухы бар. Ал маймыл – жануар.